Ала Ад-Дин Әл-Исбиджаби және ғұламаның «Шарх «Мухтасар Ат-Таһауи» атты кітабы

Авторы

  • Shamshadin Kerim Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2018-4-188

Ключевые слова:

Шейх ул-Ислам Ала ад-дин Әбу әл-Хасан Әли ибн Мұхаммед әл-Исбиджаби, «Шарх «Мухтасар ат-Тахауи», фиқһ, ханафи мазһабы, шарх

Аннотация

Мақалада Қазақстаннан шыққан мүжтаһид дін ғұламасы - Шейх ул-Ислам Ала ад-дин Әбу әл-Хасан Әли ибн Мұхаммед әл-Исбиджабидің (535/1141 жылы қ.б.) өмірі мен еңбектері арқау болған. Ғұламаның атақты «Шарх «Мухтасар ат-Тахауидің» атты еңбегінің мәні, әдістемесі, сүйенген қайнар көздері жайында соңғы уақытта жазылған диссертациялар негізінде баяндалады. Ғалымның даңқын шығарған негізгі еңбегі, әрі дау тудырмайтыны «Шарх «Мухтасар ат-Таһауиді» бөліп көрсеткеніміз жөн. Қолданбалы фиһқ (фуру ал-фиқһ) саласындағы бұл  шығарма мысырлық ханафи ғұламасы Әбу Джафар ат-Тахауидің (238/852-321/933) «Мухтасар ат-Тахауи» атты кітабын түсіндіруге арналған. Бұл кітаптың көптеген қолжазба нұсқалары әлем кітапханаларында сақталған. Әл-Исбиджаби өз түсіндірмесін (шарх) оқыған адамды жалықтыратындай ұзақ та емес, пайдалы жақтарын азайтатындай қысқа да емес, керісінше орташа етіп жазған. «Шарх «Мухтасар ат-Тахауидің»  жақсы жақтары сөйлемдерінің анықтығынан, мәселелердің негіздерін баяндаудан көрінеді. Кітапта реттілік жақсы сақталған, бірінші имам ат-Тахауидің сөзін, сосын ханафи мазһабының, немесе басқа мазһабтан оған қарсы пікір айтқандардың сөзін беріп, сонан соң өз дәлелдерін келтірілген, көптеген фиқһи қағидалар мен ережелер қамтылған, кейбір мәселелерге қатысты басқа мазһабтардың, әсіресе шафиғи мазһабының көзқарастары,  кейде имам Мәликтің сөздері берілген.

Библиографические ссылки

1. Шарх әл-Испиджаби алә ат-Тахауи ли әл-имами әл-Әспиджаби. Мин бәб арийа илә ниһаиа китаб ли әл-истибра. Дирасат уә тахқиқ атруха дуктура муқаддима илә мажлис куллия шариға. Бағдад, әл-Жамият Исламия, 2012.
2. Шарх мұхтасар ат-Тахауи ли шейх әл-ислам әби әл-Хасан Аләуддин Али ибн Мұхаммед ас-Самарқанди әл-Испиджаби. Мин бидаиати китаб әл-манасик илә ниһаиати китаб әл-хауала уә әл-кафала. Дирасат уә тахқиқ: Адил ибн Мулфи ибн Муснад әл-Улуи әл-Әуфи. Рисала илми мухадимат линаил даражат алия (мажистр), әл-Мамлакут әл-Арабия ас-Суудия, әл-Жамият әл Исламиия бил-Мадина әл-Мунауара, кулият аш-шария , қисм әл-фиқһ,1436-1437/2015-2016 ;
3. Шарх мұхтасар ат-Тахауи ли шейх әл-ислам әби әл-Хасан Аләуддин Али ибн Мұхаммед ас-Самарқанди әл-Испиджаби. Мин әууәл китаб әл-қисас уә әд-дииат илә ниһаяти әл-китаб. Дираса уә тахқиқ: Рисалат Илми мухадимат линаил даражат алия (мажистр) Мухсин Салих бин бин Хусейн әл-Жуди . әл-Мамлакут әл-Арабия ас-Суудия, әл-Жамият әл- Исламиия бил-Мадина әл- Мунауара, кулият аш-шария, қисм әл-фиқһ ,1434- 1435/2013-2014 хижри;
4. Табақату әл-ханафия. Әл-Мулла Аләуд-дин Али ибн әл-Хумайди әл марууф би ибни әл-Ханаи. Дирасатан уә тахқиқ: устаз, доктор Мухи Хилал әс-Сархан. Әл-Жузу әл-Аууал. Бағдад,1427/2005;
5. Манабаев Б.М. Орталық Азия мұсылман құқығы тарихындағы Али ибн Мұхаммад әл-Исбижабидің (535/1141 қ.б.ж.) орны мен маңыздылығы. философия докторы (PһD) дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. Алматы, 2017.
6. История Казахстана в арабских источниках. ІІІ том. Извлечения из сочинений ХІІ- ХVІ веков. А., 2006.

Дополнительные файлы

Опубликован

2018-12-16