Ислам мәдениетіндегі банкинг жүйесінің қалыптасу тарихы

Авторы

  • Қ. Құрманбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Н. Стамбакиев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r2
        91 0

Аннотация

Мақалада ислам банктерінің құрылуы тарихы қарастырылады. Атап айтқанда, ислам банктерінің қалыптасу тарихы теория және практикалық жағын қосқанда үш негізгі кезеңге бөлініп зерделенді. Ислам банктері өткен ғасырдағы мұсылман ғалымдары мен экономистердің бастамасымен батыстық банктерге балама қаржы жүйесі ретінде құрыла бастады. Ислам банкингінің жүйесі қасиетті Құран және Сүнеттен алынған шариғи нормаларға негізделеді. Қазіргі таңда әлемде 700-ден астам исламдық қаржы институттары қызмет етуде. Ислам банкингі тек қана мұсылман елдерінде емес батыс елдерінде де кең тараған жүйе. Әсіресе 2008 жылдары орын алған әлемдік қаржы дағдарысына жақсы төтеп берген исламдық банк жүйесі көптеген капиталистік елдердің қызығушылығын оятты. 

            Мақалада батыстық қаржы жүйесіне балама ретінде құрылған исламдық қаржыландыру жүйесінің теориялық базасын қалыптастыруға үлес қосқан ойшылдар мен ғалымдар тілге тиек етіліп, аталған саланың дамуына әсер еткен түрлі факторлар зерттелді. XX ғасырдың екінші жартысында негізі қаланған ислам банктерінің қолданысындағы кейбір қаржы операцияларының ерте ғасырларда көрініс табу мәселесі талқыланды. Сонымен қатар ислам банктеріне деген сұраныстың өсуіне түрткі болған себептердің негізгісі ретінде мұсылман қауымының шариғат талаптарын орындауға деген құлшынысы екендігі айқындалды.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Құрманбаев, Қ., & Стамбакиев, Н. (2019). Ислам мәдениетіндегі банкинг жүйесінің қалыптасу тарихы. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 19(3), 12–21. https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r2