Ала Ад-Дин Әл-Исбиджаби және ғұламаның «Шарх «Мухтасар Ат-Таһауи» атты кітабы

Авторы

  • Shamshadin Kerim Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2018-4-188

Ключевые слова:

Шейх ул-Ислам Ала ад-дин Әбу әл-Хасан Әли ибн Мұхаммед әл-Исбиджаби, «Шарх «Мухтасар ат-Тахауи», фиқһ, ханафи мазһабы, шарх

Аннотация

Мақалада Қазақстаннан шыққан мүжтаһид дін ғұламасы - Шейх ул-Ислам Ала ад-дин Әбу әл-Хасан Әли ибн Мұхаммед әл-Исбиджабидің (535/1141 жылы қ.б.) өмірі мен еңбектері арқау болған. Ғұламаның атақты «Шарх «Мухтасар ат-Тахауидің» атты еңбегінің мәні, әдістемесі, сүйенген қайнар көздері жайында соңғы уақытта жазылған диссертациялар негізінде баяндалады. Ғалымның даңқын шығарған негізгі еңбегі, әрі дау тудырмайтыны «Шарх «Мухтасар ат-Таһауиді» бөліп көрсеткеніміз жөн. Қолданбалы фиһқ (фуру ал-фиқһ) саласындағы бұл  шығарма мысырлық ханафи ғұламасы Әбу Джафар ат-Тахауидің (238/852-321/933) «Мухтасар ат-Тахауи» атты кітабын түсіндіруге арналған. Бұл кітаптың көптеген қолжазба нұсқалары әлем кітапханаларында сақталған. Әл-Исбиджаби өз түсіндірмесін (шарх) оқыған адамды жалықтыратындай ұзақ та емес, пайдалы жақтарын азайтатындай қысқа да емес, керісінше орташа етіп жазған. «Шарх «Мухтасар ат-Тахауидің»  жақсы жақтары сөйлемдерінің анықтығынан, мәселелердің негіздерін баяндаудан көрінеді. Кітапта реттілік жақсы сақталған, бірінші имам ат-Тахауидің сөзін, сосын ханафи мазһабының, немесе басқа мазһабтан оған қарсы пікір айтқандардың сөзін беріп, сонан соң өз дәлелдерін келтірілген, көптеген фиқһи қағидалар мен ережелер қамтылған, кейбір мәселелерге қатысты басқа мазһабтардың, әсіресе шафиғи мазһабының көзқарастары,  кейде имам Мәликтің сөздері берілген.

Дополнительные файлы

Опубликован

2018-12-16

Как цитировать

Ала Ад-Дин Әл-Исбиджаби және ғұламаның «Шарх «Мухтасар Ат-Таһауи» атты кітабы. (2018). Eurasian Journal of Religious Studies, 16(4), 50-56. https://doi.org/10.26577/EJRS-2018-4-188