Методологические аспекты определения казахстанской модели светскости

Авторы

  • D. Sikhimbayeva Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак, Казахстан, Алматы
  • I. Nurmoldina Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v23.i3.r3

Ключевые слова:

светскость, секуляризм, религия, принципы светскости, Республика Казахстан, концепция

Аннотация

Бұл мақалада әлемдік тәжірибеде қабылданған зайырлылықты анықтаудың негізгі принциптері мен өлшемдері жан-жақты талданады. Авторлар зайырлылықтың қазақстандық моделін саралап, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың ерекшеліктерін зерттейді. Бүгінгі таңда зайырлылық ұғымының сан алуан модельдері мен діннің постсекулярлы қоғамдардағы орны мен рөлі тек ғылыми қауымдастықта ғана емес, сонымен бірге қалың жұртшылық арасында да кеңінен талқылануда. Зайырлылық – тәуелсіз Қазақстан сияқты елдердің құқықтық мемлекет жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі. «Зайырлылық», «секуляризм» және «зайырлылық принциптері» ұғымдары қазақстандық ғылыми әдебиеттерде айтарлықтай жан-жақты терең зерттелмеген, әлемдік ғылыми қауымдастықта өзекті және ең көп талқыланатын «дезекуляризация» және «постсекулярлық қоғам» тақырыптары да аз қарастырылған. Тақырыптың өзектілігі осы құбылыстарды жүйелі түрде айқындау талпынысында жатыр. Мақала авторлары «зайырлылық» ұғымының этимологиялық мазмұнын айқындап, батыстық ғалымдардың зерттеулеріндегі зайырлылық принциптерін анықтауда орын алатын негізгі мәселелерді қарастырады. Түйінді проблемаларды саралауда салыстырмалы және этимологиялық талдау әдістері қолданылды. Бұл мақалада сонымен қатар Қазақстандағы діни ахуал және дін саласындағы мемлекеттік саясат та зерделенеді. Зайырлылықтың қазақстандық моделін талдау мен зайырлылық қағидаттарын анықтау бойынша ұсынымдар –  зерттеудің құндылығы мен практикалық маңыздылығын құрайды.

Дополнительные файлы

Опубликован

2020-10-11

Как цитировать

Методологические аспекты определения казахстанской модели светскости. (2020). Eurasian Journal of Religious Studies, 23(3), 19-27. https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v23.i3.r3