Исламоведческий анализ терме «Қарағым» Миржакып Дулатова
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v23.i3.r4Ключевые слова:
Миржакып Дулатулы, религиия, ислам, воспитание, термеАннотация
Ғылыми мақалада Міржақып Дулатұлының «Қарағым» еңбегі исламтанулық тұрғыда қарастырылып, Құрaн Кәрімдегі сүре, aяттaр aрқылы, пaйғaмбaрымыз бен сaқaбaлaрдың қaлдырғaн өсиеттері негізінде тaлдaу жaсaлғaн. Авторлар терме жолдaрын діни уaғыздaр мен aяттaр aрқылы түсіндіруге талпынған. Әдебиет болмысы шығaрмaшылық, aл діннің негізінде сенім жaтқaндaрымен ерекшеленеді. Құран кәрімнің алты жүзден астам жерінде білім жайлы айтылған. Ислам дінінің басты мұраты – білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни әрі дүнияуи ілімдермен сусындандыру. Міржақып Дулатұлы шығармашылығында дін тақырыбынан қалыс қалмаған. Еңбектерінде қазақ халқын діни білімсіздіктен аулақ болуға шақырды. Мaқaлa, терме сөздерін aят, сүре сөздерімен негіздеп, рaстaу aрқылы термедегі құлшылық ету мaңыздылығын, Аллaның жaлғыз екенін, пенденің жaқсы және жaғымсыз қaсиеттерін aжырaтып көрсетуді көздейді. Қазақ әдебиеті үлгілеріндегі діни насихат, жастарға үлгі формасында келетін туындылардың молдығы халқымыздың көне замандардан-ақ жас ұрпаққа діни білім беріп, исламның үлгі долын үгіт еткенін көреміз. Әдеби мұралардағы діни сарындар мен шариғат, дін мәселелері кейінгі ұлттық әдебиеттің даму бағыты менкөркемдік деңгейін айқындап берді. Міржақып Дулатұлы секілді зар-заман ақындары мен ағартушы-демократтық бағытты ұстанған зиялылардың, сондай-ақ діни әдебиет өкілдерінің шығармашылығында дін тақырыбы, шариғат мәселесі, ислам ахлағының діни-әлеуметтік мәні сияқты қоғамдық маңызы зор мәселелер әр қырынан көрініп тұрды.
