Теолингвистический анализ религиозных тем, поднимаемых в жырах Кабылисы

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r5

Ключевые слова:

traditions, religion, zhyrau, worldview, poet, Islam, personality, independence.

Аннотация

Қазақ даласында өзінің даналық ойы және шешендігімен танылып, ерекшеленген тарихи тұлғалар өте көп. Олардың ұрпаққа мәдени мұра ретінде қалдырған жырлары мен даналық ойлары арнайы және жан-жақты зерттеуді талап етеді. Өйткені тарихымыздың төл деректері қатарына жататын халық ауыз әдебиетінде сол тарихи кезеңдегі оқиғалар мен қоғамдық қатынастардың ерекшеліктері толыққанды сипатталады. Мұндай өзіндік ерекшеліктері бар тарихи тұлғалар қатарына Қабылиса жырауды да жатқызуымыз орынды. Өйткені Қабылиса жырлары арқылы ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы дәстүрлі қазақ қоғамының даму ерекшеліктері, қазақ халқының дүниетанымы сынды маңызды мәселелерден мәліметтер береді. Әрине Қабылиса сынды жыраулардың шығармашалығында ерекше көңіл аударылған тақырыптардың бірі дін мәселесі болып табылады. Біз аталған ғылыми-зерттеу жұмысымыз барысында Қабылиса жыраудың шығармаларын деректік талдау арқылы, оның діни білімінің жоғары болғандығын дәлелдейтін боламыз. Бүгінгі таңда зерттеушілер тарапынан тарихта өзіндік орны Қабылиса сынды ақындар мен жыраулар шығармасындағы діни тақырыптарды талдау ерекше қызығушылық тудырып отыр. Дәстүрлі сенімнің негіздерін танып, ислам дінінің негізгі түсініктерін халыққа ыңғайлы етіп жеткізе білген ғұламаларымыздың даналық сөздері мен жырлары бүгінгі ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін тың бағытқа айналуы орынды. Ұрпақтар сабақтастығының ғылыми негіздерін қалыптастыру арқылы ғана дәстүрлі сенімнің тарихи келбетін сипаттауға болады.

Түйін сөздер: салт-дәстүр, дін, жырау, дүниетаным, ақын, ислам, тұлға, тәуелсіздік.

Биография автора

  • E. Mazhen, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

    Название учебного заведения : 

    1. Международный казахско-арабский университет, бакалавриат   
    2. Университет Селчук в г.Кония, магистратура
    3. КазНУ им.аль-Фараби, докторантур

Дополнительные файлы

Опубликован

2022-06-20

Как цитировать

Теолингвистический анализ религиозных тем, поднимаемых в жырах Кабылисы. (2022). Eurasian Journal of Religious Studies, 30(2), 47-55. https://doi.org/10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r5