Қалқаман саринның «Алладан басқа жоқ тәңір, Мұхаммед оның елшісі» термесіне исламдық талдау

Авторы

  • Rashid Mukhitdinov Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Yernar Nukasov Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-2-15

Ключевые слова:

Алла, сенім, құлшылық, нәпсі, Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.), намаз, Тәңір, жұмақтың кілті, Құран Кәрім, иман, дұға, суре, аят, Алланың елшісі

Аннотация

Кез келген ұлттың, халықтың мәдениеті жайында сөз қозғалғанда оның негізгі бөлшектері – діні, әдебиеті, салт-дәстүрі, т.б. жөнінде сөз қозғамай кету мүмкін емес. Бұл болмысы бөлек жеке бөлшетер бола тұра, халыққа тән ерекшелікті көрсететін, бірегейліктің белгісі болып табылады. Сол себепті, мақалада әдеби туындыны діни талдауға салып, ислам тұрғысынан анализдеу жүргізілген.

Зерттеу еңбегінде Қалқаман Саринның «Алладан басқа жоқ тәңір, Мұхаммед Оның елшісі» еңбегі терең зерттеуге әрекет жасауға ұмтыла отырып, оған Құран Кәрімдегі сүре, аяттар арқылы, пайғамбарымыз бен сақабалардың қалдырған өсиеттері негізінде талдау жасалған. Мақаланың басты мақсаты автор жазған терме жолдарын діни уағыздар мен аяттар арқылы түсіндіру.  Әдебиет болмысы шығармашылық, ал діннің негізінде сенім жатқандарымен ерекшеленеді.

Дегенмен, ерекшеліктеріне қарамастан екеуі үйлесім табу арқылы тұтастай бір ұлттың мәдениетін сипаттап бере алады. Сол себепті, Қалқаман Саринның еңбектерін зерттеуді діни тұрғыдан қарастыруды жөн көрдік. Мақала, терме сөздерін аят, сүре сөздерімен негіздеп, растау арқылы термедегі құлшылық ету маңыздылығын, Алланың жалғыз екенін, пенденің жақсы және жағымсыз қасиеттерін ажыратып көрсетуді көздейді.

Биография автора

Rashid Mukhitdinov, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Магистр, Преподаватель

Дополнительные файлы

Опубликован

2019-06-23