Оқырмандарға арналған ақпарат
Журнал өз контентіне журналдың ресми веб-сайты арқылы ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл әлемдік ғылыми қауымдастық аясында журнал материалдарына кеңінен ақпараттық қолжетімділікке мүмкіндік береді.
Сондай-ақ журналдың веб-сайтында авторлар мен оқырмандар үшін журнал қызметіне қатысты қажетті ақпарат ұсынылған: жариялау шарттары, қолжазбаларды рәсімдеу және журналға ұсыну талаптары, журналды қалыптастыру және қолжазбаларды рецензиялау тәртібі, жарияланым этикасы, редакциялық алқа туралы мәліметтер, бас редактор мен жауапты редактордың байланыс деректері.
Оқырмандар мен авторлар журналдың ағымдағы санының электрондық нұсқасымен және алдыңғы жылдардағы мұрағатымен таныса алады. Журналдың барлық жарияланымдары электрондық форматта Creative Commons Attribution (CC BY-NC 4.0) лицензиясының талаптарына сәйкес тегін және шектеусіз таратылады.








