Дінтанулық білімнің шетелдік тәжірибесі (Н.А. Рубакин мен Н. Смарт еңбектерін талдау негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r1Аннотация
Мақалада шетелдік дінтанушылардың ойтұжырымдамалары, нақты келтірілген мысалдары жайында ақпарат беріледі. Қазақстан тарихы үшін дінтанулық білім өте жас ғылым саласы болғандықтан, осы орайда батыстық ғалымдардың, ресейлік ғалымдардың бір ғасыр бұрынғы жазған ойлары қазіргі таңда қандай өзектілікті білдіруі мүмкін екендігіне сараптама жасалынып, қандай да бір зерттеу нәтижелерін ұсынуға ұмтылыс жасалды. Нақты Н.А. Рубакиннің «Среди книг» деген еңбегі мен Н. Смарттың еңбектеріне талдау жасалды. Мақалада осы еңбектерге талдау жасалынуы арқылы қазіргі кездегі дінтанулық білімнің даму барысын зерттеп жүрген ізденушілерге қандай да бір ұсыныстар көрініс тапты. Қазіргі кезде ғаламтор дамыған заманда виртуалға әлемге тарай қоймаған, Рубакиннің «Среди книг» еңбегінің дінтанулық білімге қатысты жазылған бірден бір еңбек екендігін ескере отырып, сол кітаптың өзіне талдау жасалды.
Дінтанулық білімді діни білімнен ажыратып тұратын басты әдіснамалық негіз: ғылымилық, яғни объективтілік және дүниетанымдық бейтараптылық. Діндер және діни бірлестіктер туралы түсіндірме бергенде дінтанулық білім ғылымилық принципін ұстанып, білім алушының бойында белгілі бір дінге деген бағамдық қатынасты қалыптастырмайды, зайырлылық принципінің сақталуын көздейді.