Қазіргі заманғы Қытайдағы мемлекет және дін қатынасы

Авторы

  • B.K. Beysenov Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты
  • D.Zh. Dosmagambetova Бейбітшілік және келісім музейі
  • A.R. Igisenova Алматы техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r4
        332 0

Аннотация

Мақалада Қытайдағы мемлекет және дін қатынасы қарастырылады. ҚХР діни жағдайдың ерекшеліктері мен бүгінгі хал-ахуалы сипатталады. Қытайда буддизм, даосизм, конфу- циандық, христиандық, ислам діндеріне рұқсат етілген, жалпыұлттық діни қауымдары ретінде қытай будда қоғамы, қытай дао қоғамы, қытай ислам қоғамы, қытай католик патриоттық қауымдастығы, қытай христиан патриоттық қозғалыс комитеті, қытай христиан қоғамы, қытай католик епископ колледжі өз жарғыларына сай басшылары мен басшы органың сайлау құқығына ие болып қызмет жасайды. Қытайда 70 діни оқу орындары: Нанкин христиан діни академиясы, Қытай ислам институты, дао институты, будда институты, Қытай католик теософиялық академиясы және т.б. СҰАР және тибеттегі діни жағдайдың қыр- сыры зерделеніп, қытай билігінің дін саласын реттеу және қадағалау бағытындағы жұмыстары пайымдалады. Қытай билігі дін саласын басқару мен қадағалаудың түрлі теориялық негіздерін іздеуде. ҚХР коммунисттік идеологиясы және атеистік қағидат елдегі діндерді социалистік қоғамға сәйкестендіруге және жастар дүниетанымына коммунистік құндылықтарды сіңіруге назар аударады. ҚХР сепаратизм, экстремизм, терроризмен күрес мақсатында діни қауымдарды қадағалау мен діни өмір салттық қызмет аясын шектеу жұмысын жетілдіре түседі. Дін саласы мен діни қызметті реттеудің қытайлық моделі қазіргі технологияларды қолданумен ерекшеленеді. Зерттеуде салыстырмалы талдау әдісі, жүйелі талдау қағидаты, тарихилық пен логикалықтың бірлігі әдістері қолданылады.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Beysenov, B., Dosmagambetova, D., & Igisenova, A. (2019). Қазіргі заманғы Қытайдағы мемлекет және дін қатынасы. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 19(3), 30–39. https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r4