Қазақ поэзиясындағы жаратушы ұғымын білдіретін атаулар
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-4-r3Аннотация
Аталған мақалада қазақ поэзиясындағы жаратушы ұғымын білдіретін атаулар қарастырған. Атап айтқанда тәңір,алла,хақ, құдай сияқты атаулардың біздің діни жыраулар поэзиясында қалай көрініс тапқанына сипатама жасалды. Қазақ жыраулар шығармашылығында жаратушы сипатын беретін атаулардың ішінде кең көлемде қолданылғаны – Тәңрі/ Тәңірі сөздері. «Тәңірі» сөзі түркі тілдерінде өте ертеден қолданылып келе жатқан көне сөз. Сонымен қатап Хақ лексемасы да біршама кең түрде көрініс тапқан. Тәңірі сөзінің синонимдері – Алла, құдай, Құдірет, Жаратқан, Жаратушы, Жасаған, Жасаған ием, Ие, Раббы, Хақ. Бұл сөздердің айтылуы басқа болғанымен лексикалық мағыналары бірдей, яғни мәндес сөздер болып табылады. Сонымен қатар, бір ескерер мәселе, ХV-ХVІ ғасыр аралығындағы жыраулар поэтикасында Алла болмысының жеткізілуі көне түркілік Тәңір сөзімен келеді. ХVІІ ғасырдан ежелгі түркілік Тәңірі сөзін парсының «Құдай» арабтың «Алла» сөздеріне алмастыра бастағанын біз жыраулар поэтикасында жаратушы сөздердің қолданысынан көреміз. Исламтанушы ғалым Смайыл Сейтбеков: «Адамзат тарихына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ең алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, бүгінгі күнге дейін өмір сүрген барлық қауымдар бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Жаппар Иеге сеніп, өз танымының шама-шарқынша құлшылық еткен» – деп діни тұрғыдан ғылыми пікір айтады. Қазіргі ғалымдар арасында түріктердің діні қалай атанғаны, оның негізгі жүйесі қандай, бұл дін бе әлде сол кездегі діни-наным сенім ба деген сұраққа әлі толық жауап берілмеген.