Ежелгі грек философиясы және ислам дәстүрі: әлеуметтік өмір, алуантүрлілік және саяси биліктің көздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS.2020.v23.i3.r6Кілт сөздер:
саяси философия, исламдық ой, ежелгі грек философиясы, саяси билік, әл-ФарабиАңдатпа
Әлеуметтік бастаулар туралы натуралистік түсінік пен билеушінің Құдайдың жердегі өкілі ретіндегі көзқарасы арасындағы өзара байланыс ортағасырлық және қазіргі заманғы исламдық саяси дискурстың негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Ежелгі грек дәстүрі адамзат қоғамының пайда болуына, үкіметтің рөліне, әділеттілікке және жақсы билеушінің қасиеттеріне қатысты исламдық медитацияға қалыптастырушы әсер етті. Бұл мақаланың мақсаты грек мұраларының ортағасырлық ислам авторлары алға тартқан адамзат қоғамының пайда болуы және саяси билік туралы әртүрлі теорияларға әсерін қайта қарау болып табылады. Мақаланың бірінші бөлімінде ежелгі грек дереккөздерін ислам әлемінде қабылдауды қарастырамын және олардың адамзат қоғамының табиғаты мен негіздері туралы, әсіресе, Аббасидтер дәуіріндегі кейінгі пікірталастарға ықпалын талдаймын. Мен Платонның, Брайсонның, Фемистийдің және Немезийдің ілімдеріне тоқталдым, олар адамзат қоғамын адамның әлсіздігі және өзін өміргдегі қажеттілігін қамтамасыз етудің салдары ретінде сипаттайды. Бұл авторлар Аббасидтер кезеңіндегі философиялық және әкімшілік әдебиеттерде көрініс тапқан ұйымдасқан адамзат қоғамының пайда болуы туралы натуралистік түсініктеме тұжырымдайды. Сонымен қатар, мақалада Қудама б. Джафар мен Әл-Фарабидің ислам әлемінде грек саяси идеяларының таралуына үлес қосқаны және Фемистийдің қауымдық бірігу туралы дискурсын үкіметтің қоғамдық келісімді сақтау үшін құдайдың мандатына байланғандығы туралы идеясымен үйлестіруі туралы айтылады. Мен бұл идеялардың адамзат қоғамын құруға натуралистік көзқараспен қарайтын, әміршіні жердегі Құдайдың көлеңкесі деп жариялайтын, тәртіпті сақтауға және шариғат заңдарының орындалуына жауап беретін әл-Ғазалидің ілімдерімен қалай сабақтасқандығын тұжырымдаймын.
Түйін сіздер: саяси философия, исламдық ой, ежелгі грек философиясы, саяси билік, әл-Фараби








