Баба Түкті Шашты Әзиз: аңыз және ақиқат
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254339Аннотация
Қазақ халқының рухани-мәдени болмысында әулиелер және әулиелі жерлер ерекше орын алады. Қазақ түсінігінде әулиелер мен әулиелі жерлер адам рухын Рухани әлеммен байланыстырып тұратын негізгі рухани орталықтар ретінде қабылданады және рухани-мәдени болмысының ажырамас бөлшегі ретінде қызмет етеді. Зерттеушілердің көпшілігі «әулие» ұғымымен таныс, бірақ Алтын Орда тарихындағы мифтік бейне мен елеулі тұлғаны бейнелейтін Баба Түкте Шашта Әзиз әулиені білетіндер аз. Ғылыми зерттеудің идеясы – киелі орындардың адамзаттың рухани әлеммен бірігуіндегі рөлін зерттеу, оның ішінде осы киелілікке Баба Түкті Шашты Әзиздің қатыстылығын көрсету. Сондықтан Баба Түкті Шашты Әзиз туралы қалыптасқан аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерге талдау жасай отырып, олардың тарихи шындықпен арасындағы байланысын ашып, қазақ халқының тарихи тағдырындағы орнын көрсету осы мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы мифтік бейне мен тарихи шындық арасындағы айырмашылықтарды анықтауда жатыр, бұл діни-мәдени нарративтердің қоғамдық сананы қалай қалыптастыратынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада феноменологиялық әдісті қолдана отырып, Баба Түкті Шашты Әзиздің әулиелік феноменін сипаттадық және түсіндірдік, салыстыру арқылы осы зерттеудің теориялық және практикалық қорытындыларын анықтадық. Ғылыми әдебиеттерде Баба Түкті Шашты Әзиздің қазақ мемлекеттілігі мен руханиятының қалыптасуындағы рөлі толық қарастырылмаған және зерттелмеген, бұл зерттеудің құндылығы мен дінтану білімін дамытудағы үлесін арттырады.
Түйін сөздер: Баба Түкті Шашты Әзиз, әулие, Алтын Орда, сопылық, рухани әлем, аңыз.
