Political and religious struggle of Islamic scholar Mubashir At-Tarazi in Egypt during 1950s of the XX century

Authors

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r4

Keywords:

Түйін сөздер: Эмиграция, қажылық, Түркістан, мұсылмандар, Ислам

Abstract

Әбу Насыр  Мүбашшир ат-Тарази (1896 - 1977) Кеңес үкіметінің Әулиеатада (қазіргі Тараз) дінге қарсы күресіне қарсы тұрды, 1930 жылы  қуғын-сүргіннен аман қалу үшін  амалсыз шет елге қоныс аударады. Ауғаныстанда, Мысырда эмиграттардың Түркістан азаттығы жолындағы қозғалысының жетекшісіне айналды.

Ол  дін оқымыстысы,   саяси қайраткер, түрік, араб және парсы тілдерінде еркін жазған қаламы жүйрік көсемсөзші-қаламгер, жалынды ақын  болды. Тәуелсіздік жолында жан аямай күресіп өткен  осы бір аса көрнекті тұлғаның  өмір жолы, көзқарасы, еңбектері  елімізде  әлі де  беймәлім, ескерусіз күйде қалуда. Мақаланың міндеті -  ғұламаның ХХ ғасырдың 50 жылдары Мысырдағы  атқарған белсенді саяси-діни күрескерлігі мен қоғамдық жұмыстарын мысалдармен дәйектеп көрсету.

Мақаланы жазу барысында ҚР Мемлекеттік Орталық мұрағат қорына өткізілген оқымыстының жеке қорындағы   материалдар басшылыққа алынды. Ат-Таразидің саяси-идеалық көзқарасы, ұстанымы,  көтерген мәселелері,  түрлі жұмыстары сол кездегі геосаяси    жағдаймен, үдерістермен  байланыста  тарихи  және   жүйелеу әдіс-тәсілдері қолданыла сараланады.

Мақаланың құндылығы - Әбу Насыр  Мүбашшир ат-Таразидің саяси-діни қайраткерлігі  нақтылы мол мәлімет, тың мағлұматтар негізінде   сарапқа салынып, зерделенуінде.

Мақала  нәтижелерінің практикалық маңыздылығы сонда   келтірілген сонғы деректер  Қазақстан  егемендігі үшін  күрестегі   мұсылманшылық  қозғалыс өкілдері  мен эмигрант қайраткерлердің орнын,  діни тұлғаларының саяси көзқарастарын, еліміздегі ислами инситуттардың даму жолдарын   зерттеуге септеспек.                                                                                                                      

Additional Files

Published

2022-06-20

How to Cite

Political and religious struggle of Islamic scholar Mubashir At-Tarazi in Egypt during 1950s of the XX century. (2022). Eurasian Journal of Religious Studies, 30(2), 37-46. https://doi.org/10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r4