Әл-Ғазалидің антропоэтикалық концепциясы

Авторлар

  • Нагима Байтенова

DOI:

10.26577/ejrs-2017-1-100

Аңдатпа

Мақала ортағасырлық мұсылман теологиясының әйгілі өкілдерінің бірі болып танылатын әл-Ғазалиге арналған. Мақаланың авторы адамның рухани жетілу мәселесі бойынша мұсылман теологы, философы әл-Ғазалидің көзқарасына ерекше назар аударады. Әл-Ғазали, мұсылмандық діни антропологияның негізін салушы ретінде адамның рухани жетілуін исламға, ең алдымен Құран мен суннаға негізделе отырып жан-жақты қарастырады. Атақты теолог адам мәселесін, оның болмысының экзистенциалдық мәнін, оның табиғаты мен тағдырын, әдептілік құндылықтар мәселесін «Құдай-Адам» контексінде, мұсылман теологиясы, фальсафа және суфизм негізінде қарастырады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2017-10-16

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies