Авторларға арналған ақпарат

«ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы» журналы қолжазбаларды Open Journal Systems (OJS) (OJS) арқылы қабылдайды. Бұл – мақалаларды онлайн тапсыруға және рецензиялау үдерісін ұйымдастыруға арналған платформа.

 Тақырыптық бағыттар және жарияланым түрлері

Қарастыруға төмендегі бағыттар бойынша түпнұсқа ғылыми мақалалар және сараптамалық (аналитикалық) шолулар қабылданады:

  • дін тарихы мен теориясы;
  • дін философиясы;
  • дінтану: отандық және шетелдік тәжірибе;
  • жаһандану әлеміндегі дін;
  • мемлекет-конфессияаралық қатынастар: отандық және шетелдік тәжірибе;
  • дін және қоғам;
  • орта және жоғары білім беру жүйесінде дінтануды оқыту әдістемесі;
  • тарихты, әлеуметтануды, психологияны, философияны, филологияны, антропологияны, феноменологияны, құқықтану және т.б сияқты ғылымдарды дінді талдаудағы жетістіктерді біріктіретін пәнаралық зерттеулер;
  • философиялық және діни жүйелер мен теология тарихы бойынша философиялық және теологиялық зерттеулер, философиялық және теологиялық мәселелердің қазіргі жағдайы туралы зерттеу мақалалары, авторлардың аудармалары.

Қолжазба тілі және міндетті метадеректер

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс немесе ағылшын тілі.

ҚазҰУ ғылыми журналдарына қолжазбаларды рәсімдеуде қойылатын негізгі талаптар (мақала рәсімдеу үшін ҮЛГІ)

·       Редакциялық алқа журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған немесе басқа басылымға қаралымға жіберілмеген түрнұсқадағы мақалаларды қабылдайды. 

·       Мақала журналдың функционал сайтына жүктеу арқылы ҒАНА Open Journal System электронды форматта (doc, .docx, .rtf форматында) қабылданады.

·       Авторлар жіберіліп отырған мақаланың/қолжазбаның бұрын соңды еш жерде жарияланбағаны, мақалада/қолжазбада басқа жұмыстардың мәтіндеріне сілтемесіз алынған кірме фрагменттердің жоқ екендігі туралы Open Journal System жүйесіндегі ілеспе хатта МІНДЕТТІ түрде жазу керек.

·       Ғылыми мақала құрылымы тақырыпты, аңдатпаны, түйін сөздерді, кіріспені, материалдар мен әдістерді, нәтижелерді, талқылауды, қорытындыны, қаржыландыру туралы ақпаратты (болған жағдайда), авторлардың үлесі туралы мәліметтерді (екі және одан көп автор болған жағдайда), пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

·       Шрифт кеглі – 12 (аңдатпа, кілт сөздер, әдебиеттер тізімі - 10, кесте мәтіні – 9-11), шрифт – Times New Roman, мәтін беттің ені бойынша тегістеу арқылы теріледі, аралығы– бір, абзац бойынша шегініс – 0,8 см, шеттері: үстіңгі және астыңғы – 2 см, сол және оң жақ – 2 см.

·       Сурет, кесте, графика, диаграмма және т.б. мәтін ішінде нөмір және атаумен белгіленеді. (Мысалы, 1 - сурет – Сурет атауы). Суреттердің, таблица, графика мен диаграммалардың саны мақала көлемінің 20% -нан (кейбір жағдайда 30%) артық болмауы керек.

·       Мақала көлемі (атауы, авторлар бойынша ақпарат, аңдатпа, түйін сөз, әдебиеттер тізімін қоспағанда) әлеуметтік және гуманитарлық бағытта 3 000 сөз бен 7 000 сөз аралығында болуы шарт.

Мақала құрылымы:

Бірінші бет:

·       Бірінші жол – ҒТАМР нөмірі (ерекше жағдайда ӘОЖ) сайт арқылы сәйкестендіріп, мәтін беттің сол жақ шетіне реттеледі, қаралау шрифт.

·       Мақала атауы (Тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырманның назарын аудару керек. Тақырып кысқа әрі ақпараттық, жаргондар мен аббревиатурасыз жазылуы тиіс. Тақырыптың орташа ұзындығы 5-7 сөз (кей жағдайда 10-12 сөз). Мақаланың тақырыбы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде берілуі керек. Тақырып қаралау шрифтті кіші әріптермен, беттің ортасына тураланады.

·       Мақала автор(лар)ы – аты-жөнінің бірінші әріптері және тегі,  ORCID, жұмыс істейтін орны (аффилиация), қала, мемлекет орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады. Авторлар туралы ақпарат қалыпты шрифтті кіші әріптермен жазылып, беттің ортасына тураланады, корреспондент автор (*) белгісімен көрсетіледі.

·       Авторлардың белгілі бір жұмыс орнына тиесілігі тегі алдында жоғарғы индекс түрінде (¹,²,³) көрсетіледі. Бір ұйымнан шыққан авторлар бірдей жоғарғы индекс нөмірімен белгіленеді.

·       Барлық авторлар үшін ORCID сәйкестендіру нөмірін белгіше арқылы гиперсілтеме түрінде көрсету керек.

Аннотация көлемі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кемінде 150 және 300 сөзден аспауы тиіс.

Аңдатпа құрылымы келесідей МІНДЕТТІ тармақтарды қамтиды:

·       Зерттеу тақырыбы жайлы кіріспе сөз,

·       Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен ойы,

·       Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәнінің қысқаша сипаттамасы,

·       Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы,

·       Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері, талдаулар мен қорытындылар,

·       Жүргізілген зерттеудің құндылығы (аталмыш жұмыстың сәйкес білім саласына қосқан үлесі)

·       Жұмыс қорытындысының тәжірибелік мәні.

Түйінсөздер/сөз тіркестері – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мақаланың мәтінін іздеуге және оның пәндік саласын анықтауға арналған 5–7 сөзден/сөз тіркесінен тұрады. Түйінсөздер үтірмен ажыратылады, соңында нүкте қойылмайды.

 

Келесі бетте:

  • Кіріспе
  • Тақырыпты таңдауды дәйектеу және мақсаты мен міндеттері
  • Ғылыми зерттеу әдіснамасы
  • Нәтижелері және талқылама
  • Қорытынды
  • Алғыс (міндетті емес)
  • Қаржыландыру (бар болса)
  • Авторлар үлесі
  • Әдебиеттер

Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады:

·       Тақырыпты таңдауды негіздеу; тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі. Тақырыпты таңдауды негіздеу барысында алдыңғы зерттеушілердің тәжірибесін сипаттау негізінде проблемалық жағдайдың (қандай да бір зерттеулердің болмауы, жаңа нысанның пайда болуы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі.

·       Тақырыптың өзектілігі осы нысанды зерттеуге деген жалпы қызығушылықтың болуымен, бірақ бар сұрақтарға толық жауаптардың жоқтығымен айқындалады; ол тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.

·       Зерттеудің нысанын, пәнін, мақсатын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотезасын және жұмысыңыздың маңызын анықтау. Зерттеу мақсаты тезисті дәлелдеумен байланысты, яғни зерттеу нысанын автор таңдаған қырынан ұсынуды білдіреді.

·       Материалдар мен әдістер бөлімінде пайдаланылған материалдар мен зерттеу барысының сипаттамасы, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық баяндалуы қамтылуы тиіс. Зерттеу материалының сипаттамасы немесе талдауықорытындылар мен зерттеу әдістерінің сенімділігін айқындайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады және оны сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсетуі қажет. Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған қалыптасқан рәсімдерді қайталамай, толық әрі нақты ақпарат беріледі; қолданылған жабдықтар (бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда) сәйкестендіріліп, материалдар сипатталады, сондай-ақ материалдар мен әдістерді қолданудағы жаңашылдық міндетті түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, бұл бөлімде зерттелетін тақырып бойынша іргелі және жаңа еңбектер қамтылуы тиіс, оның ішінде шетелдік авторлардың ағылшын тіліндегі еңбектері (10–15 еңбек), олардың ғылыми үлесі тұрғысынан талданып, сіздің мақалаңызда толықтырылатын зерттеудегі олқылықтар көрсетілуі қажет.

Ғылыми зерттеу әдіснамасы. Материал мен әдістер – материалдардың сипаттамасынан және жұмыс барысынан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасынан тұрады.

Нәтижелер және талқылау бөлімі – зерттеу нәтижелерін талдауға және пікірталасуға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер туралы қорытынды беріліп, негізгі мәні ашылады. Әрі бұл мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Жұмыс нәтижелерін талдап, сәйкес нәтижелерін алдыңғы жұмысымен, талдаулары мен қорытындыларымен салыстыра талқылау қажет.

 

Қорытынды, нәтиже – осы кезеңдегі жұмыс нәтижелерін жинақтау және қорытындылау; автор алға қойған тұжырымның растығын және алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысын растау. Қорытынды абстрактілі болмауы керек, оларды белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін қорытындылау үшін, ұсыныстарды немесе одан әрі жұмыс істеу мүмкіндіктерін сипаттай отырып қолдану керек. Қорытындының құрылымында: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай? Нәтижелері қандай? Қандай тұжырымдар бар? Дамуды енгізу, қолдану перспективалары мен мүмкіндіктері қандай? деген сұрақтар болуы керек.

Алғыс (міндетті емес) – зерттеу барысында көмек көрсеткен тұлғалар мен ұйымдарды атаңыз (мысалы, аударма жасауға, мәтін жазуға көмектескендер немесе жұмысқа материалдар/жабдықтар ұсынғандар және т.б.).

Қаржыландыру көзі – жобаның/бағдарламаның атауы мен сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ қаржыландырушы ұйымның атауын көрсету қажет.

Авторлардың үлесі – CRediT (Contributor Roles Taxonomy) жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Әр автордың зерттеуге қосқан үлесін қысқаша көрсету қажет: идея мен әдіснаманы әзірлеу, деректерді жинау және талдау, мәтінді жазу және редакциялау, мақаланың соңғы нұсқасын бекіту және т.б.

Әдебиеттер тізімі немесе библиографиялық тізім әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін кемінде 15 атаудан тұруы тиіс, ал жалпы дереккөздердің ішінде ағылшын тіліндегі өзекті еңбектердің үлесі кемінде 50% болуы қажет. Бұл бөлімде келесілерді ескеру қажет:

·  Осы ғылым саласында қолданылатын және автор жұмысының негізін құрайтын негізгі ғылыми жарияланымдар мен озық зерттеу әдістері дәйексөз ретінде келтірілуі тиіс.
• Бұрын жарияланған өз еңбектеріңізге шамадан тыс өзіндік сілтемелерден аулақ болыңыз.
• ТМД/КСРО авторларының жарияланымдарына шамадан тыс сілтеме жасаудан сақтанып, әлемдік тәжірибені (мысалы, Web of Science) пайдаланыңыз.
Жалпыға қолжетімді емес энциклопедияларға, монографияларға, диссертацияларға және т.б. материалдарға сілтеме жасау ұсынылмайды.
• Библиографиялық тізім мақала тақырыбы бойынша танымал шетелдік авторлар мен зерттеушілердің іргелі әрі ең өзекті еңбектерін қамтуы тиіс.
• Әдебиеттер тізімі әліпби ретімен беріледі және тек мәтінде дәйексөз келтірілген жұмыстар ғана енгізіледі.
• Жұмысқа қатысы жоқ немесе орынсыз, сондай-ақ өз жетістіктеріңізді негізсіз асыра бағалайтын көптеген сілтемелердің болуы жол берілмейді.

Әдебиеттер тізімінде кириллицада берілген еңбектер болған жағдайда, әдебиеттер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісітүпнұсқа түрде, екіншісіроманизацияланған әліпбиде (транслитерацияhttp://www.translit.ru).

Бастапқыда латын әліпбиінен басқа (кириллица және т.б.) әліпбиде жарияланған дереккөздер латын қарпімен транслитерациялануы тиіс. Рәсімделген жазба (романизацияланған нұсқа) келесі құрылымға сәйкес болуы керек:

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу стилі – APA Style.

Библиографияны рәсімдеуге Mendeley Reference Manager бағдарламасын пайдалануға болады.

Жасанды интеллект (ЖИ) және автоматтандырылған құралдарды пайдалану саясаты

·       ЖИ-ды көмекші құрал ретінде (тілдік редакциялау, аударма, форматтау, библиографияны дайындау, деректерді техникалық өңдеу) қолдануға авторлар міндетті түрде тексерген жағдайда жол беріледі.

·       Егер ЖИ қолданылса, автор(лар) мақаланы тапсырған кезде ілеспе хатта бұл туралы көрсетіп, құралдың атауын және қолдану мақсатын сипаттауға міндетті. Редакция сұратқан жағдайда автор(лар) жарияланымның ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті ақпаратты ұсынады.

·       ЖИ автор/бірлескен автор ретінде көрсетіле алмайды; мазмұнға, фактілік дәлдікке, сілтемелердің дұрыстығына және этиканың сақталуына жауапкершілік авторларға жүктеледі.

·       ЖИ-ды деректерді қолдан жасау/бұрмалау, жалған сілтемелер/дереккөздер құру, тексерілмеген генерацияланған мәтінді зерттеу нәтижесі ретінде ұсыну үшін қолдануға тыйым салынады.

·       Құпиялылық немесе қолданылатын нормалар бұзылатын жағдайда жарияланбаған қолжазбаларды, рецензияларды және редакциялық хат алмасуды үшінші тарап ИИ-сервистеріне беруге тыйым салынады.

DOI

Әрбір жарияланған мақалаға DOI беріледі; тіркеу Crossref арқылы тұрақты сәйкестендіру, дұрыс дәйексөздену және жарияланымның ұзақ мерзімді қолжетімділігі үшін жүзеге асырылады.

Жариялау жарнасы

Жариялау жарнасы бір мақала үшін 60 000 теңгені құрайды және қолжазба қабылданғаннан кейін төленеді. Төлем редакциялық шешімге әсер етпейді және рецензиялау рәсімін алмастырмайды. Төлемді растау (PDF немесе JPEG форматындағы түбіртек) редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.

Төлем жасауға арналған банктік деректемелер:

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Индекс 050040

Мекенжай: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71

БИН 990140001154

КБЕ 16

АО «First Heartland Jýsan Bank»

ИИК   KZ19998CTB0000567141 – теңге

ИИК   KZ40998CTB0000567151 – USD

БИК TSESKZKA