Әл-Итқани Әл-Фарабидің «Аш-Шамил» кітабы
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-108Аннотация
Мақалада қазақ жерінен шыққан аса көрнекті шариғаттанушы, дін ғұламасы Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фарабидің (1286-1357) «аш-Шамил» (қазақ тіліне аударғанда «жеткілікті, толық» деген мағынаны білдіреді) атты усул ул- фиқһ саласында жазылған көлемді сөз болады. Бұл кітап – «Усул әл-Баздауи» атымен белгілі Әли ибн Мухаммад ибн әл-Хүсейн ибн Әбдул Карим ибн Муса ибн Иса ибн Мужаһид әл-Баздауидің (400 /1010 – 482 /1089) «Канз ул усул илә мағрифати усул» атты еңбегіне жасалған шарх. Мақалада еңбектің әлем кітапханаларында сақталған қолжазба нұсқалары туралы мәлімет беріледі, туындының жазылу себебі, оқымысты әдістемелік ұстанымы баяндалады.