Дәстүрлі ислам және ханафи мазһабының негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-112Аннотация
Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер орын алды. Көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуі мемлекеттің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екендігін дәлелдеді. Өзгерістер рухани салаға да өз әсерін тигізді. Ұмыт болған дәстүрлер мен рухани мұралар қайта жаңғырып, ғылыми зерттеу нысанына алынды. Дегенмен күрделі мәселелер жоқ деп айту ерте. Жалпыға белгілі, республикадағы діни жағдай күрделі, бұл жағдайға қоғам тарапынан және ғалымдар тарапынан алаңдаушылық туындауда. Тарихи тұрғыдан Қазақстан мұсылмандары сунниттік исламдағы ханафи мазһабын ұстанып келеді. Бұл бағыт өзінің жергілікті салт дәстүр мен әдет ғұрып нормаларына төзімділігімен ерекшеленеді, сондай ақ қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды есепке алып, санасатын мазһаб. Ханафи мазһабының дәстүрлі діни философиялық тұғырларын аша отырып, біз халық руханилығының тереңдеріне бойлай аламыз және әлеуметтік, рухани өмірдегі құбылыстарды дұрыс түсінуге қол жеткіземіз.