ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Авторы

  • Нурдаулет Ниязов

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-114
        56 0

Аннотация

Қазақстан – этникалық және діни толеранттылықты негіз ете отырып әлемдік имидж
қалыптастырған көп ұлтты және көп дінді мемлекет. Мақалада күрделі қоғамдық құрылымдар
барысындағы этноконфессиялық қарым-қатынастардың рөліне талдау жасалған. Сондай-ақ,
Малайзия елінің мемлекеттік саясаты мен этноконфессиялық қатынастардағы тәжірибесін
Қазақстанда қолданылу мүмкіндігі қарастырылған. Этноконфессиялық қарым-қатынастардың
дамуының проблемалары мен ұлттық және мемлекеттік бірегейлікті нығайту қазіргі уақыттағы
біздің мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі болып отырғаны анық. Өзге тілді, өзге этностар
мен өзге дін қауымдастықтары арасындағы түсіністіктің жоғалуы елдің ішкі саяси қалпымен қатар,
кей жағдайларда мемлекеттің ыдырауына да алып келіп жатады. Азияда орналасқан көп ұлтты
және көп дінді елдердің осындай ащы тарихы оның маңыздылығын тағы да бір рет дәлелдеп отыр.
Көпұлтты және көпконфессиялы мемлекеттердің саяси процестерінің барысында қоғамдық және
саяси ахуалды қиындататын осы этноконфессиялық қарым-қатынастар. Саясаттың құрылымдық
бөлшегі ретінде саяси қарым-қатынастар, саяси сана-сезім, саяси ұйымдар қарастырылады.
Әрбір елдегі діни саясат маңызды орынға ие.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Ниязов, Н. (2017). ЭТНОКОНФЕССИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 10(2), 38–43. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-114