Діни терроризм мен экстремизмді алдын-алу шаралары
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-4-132Аннотация
Мақалада экстремизм мен терроризмге қарсы күресудің діни аспектілері, алдын-алу шаралары зерттелінеді. Қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне сипаттама беру арқылы конституциялық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қарсы қатаң әрі дәйекті қарсы тұру жауапкершілігі қаралады. Діни экстремизмді алдын-алу жолдарынан бұрын, пайда болу, таралу себептеріне, эстремизм мен терроризмнің түрлеріне жеке – дара сөз етіледі.
Сонымен қатар, мақалада еліміздегі алдын – алу шаралары, насихаттаушылық сипаттарының көріністері, ҚР мазхаб ұстану жүйесі арнайы қарастырылады. Бүгінде республика аумағында ислам дінінің дамып, барша мұсылман қауымының игілігіне айналуына барлық мүмкіншіліктер қарастырылғаны туралы мәлемет келтіріледі.
Бүгінгі таңда терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар ірі жобаларды іске асырып, жан-жақты ауқымды істер атқаруда. Атап айтар болсақ ең әуелі кадр мәселесін қолға алу үшін медреселер ашып, жасөспірімдердің діни және дүнияуи білім алуын арттыруда. Сондай-ақ еліміздегі имамдардың білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында республика аумағында семинарлар өткізуде.