Елуіншілер діни бірлестігінің миссионерлік қызметі

Авторы

  • Карлыгаш Борбасова Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Асель Бужеева Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-4-134
        189 0

Аннотация

Діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мазмұнын айқындайтын негізгі мәселе біріншіден, қоғамның рухани адамгершілік кескінін айқындайтын дінаралық келісім мен түсіністікті тереңдету. Екіншіден, қазіргі өркениеттік даму адамның белгілі бір мәдениет өкілі ретінде қалыптасуын қамтиды. Ал мәдени және ұлттық бірегейлікті қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі – дін. Сондықтан қоғамымызда миссионерлік қызметтерін белсенді жүргізіп жатқан, жиырма жылдық тарихы бар жаңа діни ағымдардың идеологиясы мен қызметіне ғылыми-теориялық талдау жасау өзекті мәселелердің бірі. Себебі бұл өз кезегінде діни қатынастарды реттеу мен діни әрекеттердің салдарларын болжаудың әдіс-тәсілдерін, тетіктерін жасақтауға жол ашады.

Қазақстанда евангелизация саясатын кең таратушы діни бірлестіктердің ішінде елуіншілер ерекше орын алады. Олардың іліміне, миссионерлік қызметтеріне сараптама жасау арқылы, бұл бірлестіктердің қоғамдық санаға ықпалы анықталып, позитивті дамуына кедергі келтіретін факторлардың алдын алу мәселелері осы мақаланың негізгі мәселелері. 

Дополнительные файлы

Как цитировать

Борбасова, К., & Бужеева, А. (2017). Елуіншілер діни бірлестігінің миссионерлік қызметі. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 12(4), 16–22. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-4-134