Қазақстанның киелі жерлерін зерттеу ыңғайлары мен әдіснамалық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-4-136Аннотация
Осы мaқaлaдa Қaзaқстaнның киелі, қaсиет ті жер ле рі не қaғидa тұр ғы сындa ке ңес тік, aтеистік тә сіл ден ді ни қaсиет ті лік ке өту ерек ше лі гі не тaлдaу бе рі ле ді. Осы күнге дейін еліміздегі киелі, қaсиетті жерлерді зерттеу бір жүйеге келтірілмегендіктен бірынғaй жүйегелендіру мақсаты қойылды әкелетін болaмыз. Әрине, өткен тарихты жаңадан ұғыну, Қазақстанның киелі жерлерін түсінуге әрекеттену заманауи тұрғыда жүзеге асырылуы қазіргі таңда еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Сондықтан, осы мақаланың мақсаты – Қазақстан территориясында табылған киелі орындарды жүйелеу, ұлттық бірегейліктің негізін нығайту, өзіміздің киелі жерлеріміз бен мәдениетімізді зерттеу арқылы ұлттық кодымызды жаңғырту болып табылады. Бұған себеп, негіз болған Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. Онда, киелі, қасиетті жерлерімізді зерттеп, танып-білу арқылы ғана біз мәдениетімізді, санамызды, қоғамымызды рухани жаңғырта аламыз деп ерекше атап өтілген. Ал жаңғырудың жоғарғы шыңына жетіп, халқымыз рухани байлыққа мол кемелденсе, сонда ғана әлемде дамыған отыз елдің қатарына кірудің бірден-бір мүмкіндігі туады. Сондықтан, Қазақстанның киелі жерлерін зерттеудің әдістамалық негіздері қазіргі таңдағы Қазақстанның киелі жерлерін анықтауда алға қойылған мәселелердің бірі болып отыр. Осы тұрғыда біршама жұмыстар жасалынып жатыр. Ол жұмыстар туралы талдау мақаланың негізгі бөлімінде баяндалады.