Ғаламдық пессимизм және антропологиялық проблематика

Авторы

  • Гаухар Абдрасилова Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-4-137
        69 0

Аннотация

Адам мәселесі – қайнар-бастауы А. Шопенгауэр философиясы болып табылатын иррационалистік философия тұрғысынан талданды. Енді ол картинада болмыс – адам ақылына барабар емес. Адам да енді саналы тіршілік иесі ретінде қарастырылмайды. Бейклассикалық философияның басқа өкілдері сияқты Артур Шопенгауэр (1788-1860) де адам мәнінің өзегін оның ақыл-ойы немесе тектік сипаты емес, әйтеуір бір соқыр, бейсаналы, ырықсыз өмірлік күш – ерік құрайды, – деп бекітеді. Ақыл – адам өмірінде ерікке тәуелді, қосалқы рөл атқарады. Неміс классикалық философиясын сынай отырып, Шопенгауэр оның негізгі идеяларын пайдаланады. Шопенгауэрдің «Дүние – ерік және елес ретінде» (1816) атты негізгі еңбегі тікелей Кант философиясының ықпалымен жазылды. Ғаламды танылмайтын «өзіндік зат» пен «құбылысқа» ажыратып жіктейтін Кант сияқты Шопенгауэр де, дүниені елес («құбылыс») және ерік («өзіндік зат») ретінде қарастырады. Адам өмір сүретін дүниенің елестерден құралған жалған сиқыр екенін жариялайды. Елес ретіндегі дүниеде еркіндікке орын жоқ, өйткені мұнда барлығы ақыл-ойдың үстемдігіне, кеңістіктің, уақыттың және себептілік заңының билігіне бағындырылған. Иррационалистік философия – XIX ғасырдың ортасында өзінің мәнсіздігін ұғынған таррационалистік механистік әлем және адам тұжырымдамасын радикалды жеңу әрекетінің талпынысы болды. Қазақ философиясымен салыстырма жасалды.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Абдрасилова, Г. (2017). Ғаламдық пессимизм және антропологиялық проблематика. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 12(4), 37–43. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-4-137