Жас ұрпақ бойында рухани құндылықтарды қалыптастырудағы Абай әлемі

Авторы

  • Роза Касымова
  • Мырзахмет Жүзей Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2018-2-151

Аннотация

Бұл мақалада Абай шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Абай шығармаларының, қара сөздерінің жас ұрпаққа берері көп, әр сөйлем рухани құндылықтың бай келбетін, терең астарын, келешек ұрпаққа бағдаршам секілді шығар жолын, іс-әрекеттерін айқын да жетік оймен, руханилық өзгеше тереңдікпен беріледі. Абай әлемі заман шындығы, тәрбие тағылымының сырлы шежіресі деуге болады. Ұлы, ойшыл, кемеңгер Абайдың халқым, елім, жұртым деп соққан жүрегіндегі ұлтжандылық, азаматтық үні оның қарасөздері мен құнды шығармаларында өрістей, биіктей түсіп, ХХI ғасырда қазақ еліне «Мәңгілік елге», егеменді елімізге ұран болып тарады. Рухани мұралар, рухани құндылықтар адамзат баласының ақыл-ой туындыларының жемісі сияқты. Абай әлемі – таусылмас қазына. Сол асыл мұраны жас ұрпақтың бойына қалыптастыра алсақ, асыл мұраны игертіп, тылсым сырларға тереңірек үңілте алсақ, бүгінгі жас ұрпаққа Абай әлемін бере білдік деп санауға болады. Абайдың адамгершілік өлшемдерінің ішінде ерекше жоғары орынға қоятын бір ұғымы – әділет. Сондықтан біз жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды Абайдың қарасөздері мен таңдамалы шығармалары, өлеңдері арқылы жеткізу еді. 

Дополнительные файлы

Опубликован

2018-08-22