Маргарет Мидтің префигуративті мәдениеті немесе әке мен балалардың мәңгілік қақтығысы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2018-4-186Кілт сөздер:
digital culture, generation gap, prefigurative culture, Z generation, mediacultureАңдатпа
Мақалада сандық мәдениет және оның қазіргі заманғы жастарға әсері талқыланады. Интернеттің ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың өзгеру сипатына әсер ету мәселесі көтеріледі. Қазіргі таңда сандық ұрпақ құбылысы көптеген қайшы пікірлер тудыруда. Басым көпшілік оларды төртінші индустриалдық төңкерістің бастауында тұрған болашақ ұрпақ деп атаса, ал басқалары, олар 21-ғасырдың жастардың сандық тәуелділігін қалыптастыратын дерті деп есептейді. Сандық ұрпақты заманауи зерттеп талдау шетелде кең таралғанымен, біздің отандық ғылымда кештеу дамуда. Осы себепті білім беру мен тәрбиенің мақсатты даму бағыттарының зерттеу әдістемелік құралдарын әзірлеу қажет.
Бұл мақаланы жазудың мақсаты ата-аналардың балалары мен «қашықтан басқару пультімен туылған» балалар арасындағы үлкен алшақтыққа салыстырмалы түрде бақылау жасай отырып, Z ұрпақтың ата-аналарының балаларымен өзара қарым-қатынасына талдау жасау. Танымал американдық антрополог Маргарет Мид 1970-ші жылдары жазған префигуративті мәдениеттің пайда болу мәселесі және бұл мәдениеттің болжамдары алдағы онжылдықта қандай болмақ деген сауал өзекті болып келеді. Авторлар заманауи Қазақстан мен Еуропаның жастарына салыстырмалы талдау жасап, Интернет ғаламдық желідегі қазіргі заманғы жастарда кездесетін қауіп-қатерлердің мысалын келтіреді.
