Қазіргі қазақстандық қоғамдағы дәстүрлі емес діни қозғалыстар
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-2-14Ключевые слова:
дін, дәстүрлі емес діни қозғалыстар, шіркеу, протестанттық, «Жаңа өмір», «Грейс-Благодать» және «Сайентология шіркеуі», «Иегова куәгерлері»Аннотация
Аталған мақалада қазіргі қазақстандық қоғамда әрекет ететін дәстүрлі емес діни қозғалыстардың белең алуы, даму үдерісі қарастырылады. Сонымен қатар, дәстүрлі емес діни қозғалыс ұғымына жақын, «секта», «культ» ұғымдарына анықтама бере отырып, негізгі мәселелері анықталды.
Сонымен қатар, соңғы уақытта қазақстандық қоғамдық салада өз ролін күшейте алған христиандық деп есептелетін дәстүрлі емес діни бірлестіктер қатарында «Жаңа өмір», «Грейс-Благодать» және «Сайентология шіркеуі» «Иегова куәгерлері» және т.б. діни қозғалыстар мен қауымдарының жұмыс істеу әдіс-тәсілдері мен Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қарастырылып, ерекшеліктері зерделенеді. Жаһандану заманының дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ерекшеліктерінің бірі болып табылатын миссионерлік қызметтің қарқындап өсуі қарастыралады.
Сонымен қатар, мақалада, елімізде әрекет ететін дәстүрлі емес діни ағымдарға тән ортақ ерекшеліктер жан-жақты ашықталады. Қазақстандағы протестанттық деноминациялар мен харизмалық ағымдар мен қозғалыстар, сондай-ақ, респуликадағы «Бахаи қауымы», «Шіркеу Бірлестігі», «Церковь Последнего Завета», «Сайентология шіркеуі», «Бірігу шіркеуі» және т.б. дәстүрлі емес деструктивті діни ұйымдар жаңа құрылымдар ретінде есепке алынып, талданады.