Діндарлық феномені, мәні мен типтері

Авторы

  • K.A. Zatov Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • K.M. Borbassova Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Zh.E. Aldiyarova Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r5
        332 0

Аннотация

Мақалада қазіргі дін әлеуметтануы мен психологиясының маңызды мәселелерінің бірі – діндарлық феномені қарастырылады. Осы тақырыпқа арналған ғылыми мақалалардың қатары үнемі көбейіп отырғанына қарамастан діндарлық күрделі зерттеулік мәселе, өйткені оның мазмұны мен формасы қоғам мен жеке адамның рухани сұраныстарына қарай өзгеріп отырады. Бұл зерттеу міндетерін, теориялық қағидаттар мен методологиялық принциптерді қайта қарауды талап етеді.

Мақала авторлары мәселенің пәнаралық сипатына назар аудара отырып, оны зерттеудегі жүйелі-құрылымдық және функциональдық қадымдардың нәтижелігін қолдайды.

Қазіргі дін психологиясы мен әлеуметтануында қалыптасқан діндарлықтың типтерін сипаттай отырып, авторлар қазіргі Қазақстан қоғамындағы діндарлық көріністеріне талдау жасайды. Бұл діндарлықтың позитивті, авторитарлық және деструктивтік типтерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Позитивті діндарлық типі ашықтылығымен, диалогқа бейімділігімен және толеранттылығымен сипатталады. Авторитарлық типтегі діндарлық иелеріне топтық оқшаулану, төзімсіздік, басқа діни дәстүрлерді терістеу мен сынау, сындарлы пікір-таласқа бейімсіздік тән болып келеді. Деструктивті  діндарлық адам психикасында теріс үдерістердің белең алуымен сипатталады. Деструктивті діндарлық адептінің жүріс-тұрысы мен мінез-құлқында жағымсыз діни сезімдер – үрей мен күнәһарлық, апокалипсистік дүниетүйсіну сияқты белгілер айқындалады және оған сындарлы ойлаудың тежелуі, қоршаған әлеуметтік шындықты қабылдамау, оқшауланушылық пен әртүрлі фобиялар тән.

Мақалада келтірілген авторлардың тұжырымдары мен ұстанымдары діндарлыққа қатысты теориялық және практикалық мәселелердің оңтайлы шешілуіне ықпал етеді.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Zatov, K., Borbassova, K., & Aldiyarova, Z. (2019). Діндарлық феномені, мәні мен типтері. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 19(3), 40–47. https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-3-r5