Заманауи Ресейдегі мемлекет және дін
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-4-r1Аннотация
Авторлар заманауи Ресейдегі мемлекет пен дін қатынасындағы ерекшеліктерін қарастырады. Ресей қоғамдық-саяси өміріндегі діннің қоғам мен мемлекет мүдддесіне, діннің тұрақтылық пен келісім мақсаттарында қолданылатынын сипаттайды. Ресейдегі діни жағдай туралы өз пікірін ұсынады. Қоғамның рухани өмірінде діни мәдениет пен дәстүрге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі нақты байқалады. Жаһандану үдерісіндегі халықаралық қатынастар жүйесінде діни дипломатияның рөлі өсуде. Алпауыт елдердің сыртқы саясатында және халықаралық қатынастарда діндер мен дін қайраткерлерінің өзіндік орны бар. Заманауи Ресейде мемлекет пен дін қатынасы зайырлы негізде жүзеге асуда. Ресейде діндарлық пен діни сана ұлттық руханият және дәстүрге деген құштарлықты көрсетеді. Мемлекет дәстүрлі діндердің қоғам өміріндегі атқаратын әлеуметтік қызметін айқындауға, әсіресе православтық мәдени дәстүрге ерекше көңіл аударады. Православ дін қызметкерлері ғарыш кемелері мен әскери техникаларды аластау және маңызды мемлекеттік іс-шараларға бата беруді дәстүрлі түрде жүргізеді. Ресейде шіркеулік сананың модернизациялануы және православияның заманауи қоғамдық-саяси өмірге белсеңе қатысуы байқалады. Бұл елдегі мемлекет және дін қатынасының өзекті тұстары: ар-ұждан бостандығын қамтамасыз ету, жаңа діни ағымдардың және оккульттік-мистикалық ілімдердің таралуы, сыртқы діни ықпалды тежеу механизмдерін жетілдіру, діни фанатизм көрінісі, клерикалдардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуы, діндарлық пен ұлтшылдықтың қабысуы, ұлттық сананың діни негізінің өсуі, православтық құндылықтардың қоғамдық-саяси өмірге ықпалының өсуі, діни экстремизмнің қылмыстық әлеммен байланысы, аймақтардағы діни экстремизмнің көрінісі, қоғамдық пікір қалыптастыруда клерикалдар ықпалының артуы.