Ислам, иудайзм және христиан діндеріндегі сауда өсімі құқықтары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-4-r4Аннотация
Бұл мақала сауданың пайыздық түрін қарастырады. Бұл ежелгі заманнан бері кең таралған сауда түрлерінің бірі. Осы мақаланың мақсаты, оқырмандарға Құран Кәрімде, сондай-ақ Аллаһ Тағаланың алдыңғы түсірілген қасиетті кітаптарда айтылғандай, бұл сауданың айтылғанын жеткізу. Әрине, бұл сауда саттықтың ислам шариғатындағы тыйым салыну себебінен, осы түріне назар аудару маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ, бұл жұмыста осы сауда түрінің жеке бас пен қоғамға да, зиян келтіретін мөлшері туралы Таурат, Інжіл және Құран Кәрімнен нақты дәлелдер келтірілген. Құран Кәрімде келтірілген дәлелдермен қатар Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) сүннетінен және ислам құқығы ғалымдарының пайыздық сауда туралы хадистерді түсінудегі кейбір көзқарастары келтірілген. Бұл мұсылмандарға пайыздық сауда туралы кеңірек түсінік береді.
Ислам шариғатындағы басқа мәселелері секілді, ғалымдар пайыздық сауда турасындағы пікірлерін, мұсылман қоғамы және басқа дін өкілдері кеңірек түсіну үшін білдірді. Жоғарыда айтылғандай, яһудилерге және христиандарға сауданың бұл түріне тыйым салынған.
Әрине, бұл күрделі мәселе болған себепті, ауқымды еңбек талап етеді. Бірақ осы мақалада пайыздық сауда жайында қысқа түрде баяндалады. Оқырмандар пайыздық сауданың әр адамға және бүкіл қоғамға кері әсерін тигізетіндігіне көңіл бөлгенін қалаймыз.