Кәләм сөзінің эпистемологиясы және кәләм әдістемесінің қалыптасуы

Авторы

  • Nurzhan Abdullayev Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS-2019-4-r5

Аннотация

Кәләм ілімінің алғашқы пайда болуында діни ұстанымдар аясында, діннің негізгі шарттарын қорғау көзделген. Бірақ уақыт өте келе әр түрлі мәселелердің туындауымен кәләм ілімінің зерттеу ауқымы кеңейе түсті. Кәләм ілімінің тарихи бастауы хижри І-ғасырдың соңына қарай орын алады. Кәләм ілімі бастапқыда Муғтазиләмен қоса Нажжарилік, Кулләбилік, Кәррәмилік, Зәйдилік және Шииттердің Усули мазхабы секілді бағыттармен басталған. Кейіннен Матуридилік және Әшғарилікпен кәләм әдістемесі нық қалыптасып, жүйеленіп, бүгінге дейін жетті.   Мақалада кәләм ілімінің пайда болуы, зерттеу тақырыбы мен мақсаттары және Ислам ғұламаларының кәләм іліміне берген түсініктемелері салыстырмалы түрде  қарастырылды. Бұған қоса отандық ғалымдардың кәләм ілімі жайындағы мақалалары және шетелдік ғалымдардың да еңбектері зерделенді. Мақалада мұсылмандардың Грек философиясымен таныспай тұрған кезеңі, туындаған түрлі пікірлердің Ислам ғұламаларын тығырыққа тіреуі, белгілі бір әдістеме  қалыптастыруда түрлі оқиғалардың белең алуы секілді маңызды мәселелер баяндалған. Исламның ойшылдық тарихына қысқаша тоқталып, кәләм мен философия салалары бойынша еңбектер жазған әһли сүннет ғалымдары да сипатталып көрсетілді.  Сондай-ақ «кәләм» сөзінің эпистемологиясы мен әдістемесінің қалыптасуы қаралып, жан-жақты зерттелді.  Мақала жүйелеуде бірқатар тақырыпшаларға бөлінді.

Биография автора

Nurzhan Abdullayev, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Магистр, старший преподаватель кафедры религиоведения и культурологии

Дополнительные файлы

Опубликован

2019-12-20