Дінтану жүйесіндегі дін психологиясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r1Аңдатпа
Бұл мақалада дін психологиясын зерттеу мәселесіне жалпы талдау беріледі. Мақсаты ретінде оның пайда болу, даму және адамзат тарихының басқа тараптармен өзара іс-қимыл және адам санасында өзара іс-қимыл себептерін ашу көрініс табады. Мақалада, әлі күнге дейін жиі қатар қолданысқа түсетін, бірақ түрлі құбылыстарды білдіретін, дін психологиясы және діни психологиясы секілді екі термин ашылып қарастырылады. Өкінішке орай, бұл ұғымдардың ауысуының басты себебі жақын уақытқа дейін жалпы психология құбылыстарын және діни психология құбылыстарын зерттеуге аз көңіл бөлінгені. Ал дін психологиясының мәселелерін әзірлеу қазір аса маңызды мәнге ие болып отыр. Тарихи және психологиялық дін өте тығыз сипатта, әсіресе адамзаттың алғашқы қадамдары кезінде қоғамдық сананың басқа түрлерімен, яғни, мораль, өнер, ғылыммен тоғысқан. Ол адамзат өміріне үлкен әсер етіп, әдет-ғұрыптарға еніп кетті. Айта кететіні, басқа ғылым оны алмастыра алмайтыны. Біз көріп отырғанымыздай, дін психологиясын білу дін мен тұрмыстың өткен және нағыз байланыстарын терең түсінуге мүмкіндік береді.








