Ұлы ұстаз Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың тағылымын ғылыми- педагогикалық бағытта зерттеудің маңыздылығы

Авторлар

  • Raya Nauryzbaeva University of Foreign Languages and Business Career

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r5

Аңдатпа

Елімізде білім мен тәрбие беру барысында жастарға ең жоғарғы деңгейдегі заманауи білім береміз. Халықтың рухани тірегі дін. Сондықтан да, дәстүрлі дін мәселелеріне байланысты объективті көзқарас керек. Діни көзқарастарды дұрыс қалыптастырып, дінтану бағытында жүйелі әрі сапалы білім беру, еліміздің ішкі тұрақтылығына пайдасын тигізеді, қоғамның дамуын жеделтеді. Мемлекетімізде ел азаматтарының ұлтына, жынысына, жасына қарамай, бәріде бірдей білім алады. Бізге жоғары сападағы ғылымға негізделген оқулықтар керек. Ислам дінінің киелі кітабы- Құран Кәрім. Қәсиетті Құран Кәрім кітапты, Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың хадистері мен сүннеттерін ғылыми педагогикалық бағытта, дұрыс талдау маңызды.Ұлы ұстаз Хәзірет Мұхаммедтің (с.а.у.) ілімі, өнегелі өмірі, тағылымы-- рухани және заманауи білім алуда, ұлттық тәрбиені қалыптастыруда таусылмайтын қазына мен мектеп деп есептеймін. Сондықтан да, ұлы ұстаз Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың ілімін ғылыми- педагогикалық бағытта зерттеп, жастардың рухани білімінің дұрыс қалыптасуына пайдаланған  дұрыс. Ұлтымыздың рухани тірегі- ислам діні болғандықтан  имандылық, құлшылық ұғымдарының пайдасын ғылыми зерттеп, білім-ғылым салаларымен ұштастырғанымыз тиімді. Жастардың дәстүрлі дінді дұрыс түсінуі үшін, исламдық дүниетанымға ғылыми- педагогикалық тұрғыдан түсініктеме, бағдарлама жасап, жаратылыстану және дінтанулық оқулықтарына толықтырулар мен қосымшалар енгізу қәжет. Мақалада Мұхаммед (с.а.у.) Пайғамбар  барлық замандағы бүкіл адамзатқа үлгі- өнеге бола алатын ұлы ұстаз және тағылымы таусылмайтын кәусар бұлақ  екендігі талданады.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-06-10