Мұхаммад Абид әл-Жабири және оның «Араб ақылына сын» атты еңбегі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r3

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Ислам философиясы көптеген өзекті тақырыптарды қозғауда. Солардың ішіндегі ең көп талқыланып, қызығушылық тудырғаны Мұхаммад Жабиридің 4 томнан тұратын «Араб ақылына сын» еңбегі. Мақала авторлары оның жеке өмірбаянына және аталмыш еңбегінің бірінші томына қысқаша шолу жасайды. Себебі философтың өмірбаянын білу оны тұлға ретінде тануға, ал еңбегімен танысу оның философиялық көзқарастарын білуге септігін тигізеді.

Мұхаммад Жабири бүкіл өмірін Ислам философиясын дамытуға және оның эпистемологиялық тұрғыдан қайта қарастырылуына арнаған. Ол 1982 жылы «Араб ақылына сын» жобасын «Араб ақылының қалыптасуы еңбегінен» бастап, 1986 жылы «Араб ақылының құрылымы: Араб ой-санасындағы таным жүйесіне сыни талдау)», 1990 жылы «Саяси араб ақылы», 2001 жылы «Ахлақи араб ақылы» кітаптарымен тамамдады.

Осы мақалада аталған көп томды еңбектің бірінші томы «Араб ақылының қалыптасуына» тоқталады. Сонымен қатар М.Жабириді сынаған философтарға және олардың ойларына қасқаша шолу жасалады. Мақала соңында «Араб ақылы» тақырыбында жазылған отызға жуық әдебиеттің тізімі берілген. Бұл мақала Ислам философиясын жаңа қырынан зерттеуге жол ашуымен бірге, оның қазіргі жағдайынан хабардар етеді.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-06-10