Білім беру жүйесінде ұлттық тәрбиені қалыптастыру маңыздылығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r6

Аңдатпа

Адам белгілі бір адамгершілік бағдарларды, ұлттық ерекшеліктер ескерілген құндылықтарға сүйенуді қажет етеді, шынайы өмірде ол көбіне түрлі адамгершілік бағдарлармен кездеседі. Педагогикалық теорияда моральдық тәрбиені жүзеге асыру технологиясы адам дамуының ырғағымен бірге әрдайым зерттелу үрдісінде болуы заңдылық. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - адамгершілік тәрбиесінің көптеген мәселелерін ғылыми тұрғыдан әзірленуі жеткіліксіз деңгейде болып қала беруі. Жаңашыл педагогикалық тұрғылар негізінде тәрбие жүйесін жаңғырту жолдарын әзірлеу қажеттілігі - «Ұлттық тәрбиені демократияландыру идеясы. Ислам педагогикасына кіріспе» тақырыбында зерттеу жүргізуге мүмкіндік берді.

Мақаланың зерттеу пәні: Білім, тәрбие, әдеп ұғымдарының теориялық-тұжырымдамалық мәселелері. Тəрбие үдерісінің ерекшеліктері. Қазақстандық білім беру жүйесінің қалыптасуына әсер еткен педагогикалық ілімдер негізі мен қазіргі тәрбиенің мазмұны.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беру жүйесінің ұлттық ерекшеліктер мен діни (ислам) тәрбие үрдісіне бағдарлануы.

Мақаланың өзектілігі: қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, діни тәрбиенің, атап айтқанда исламның рухани-адамгершілік тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсері мен қазіргі білім беруде маңыздылығын анықтау.

Зерттеу обьектілері: тәрбиелеудің әдіснамалық негіздері, адамгершілік және діни  тәрбие беру мәселелері қамтылған еңбектер (А.Коменский, К.Д.Ушинский, И.Гаспринский, А.В.Луначарский, Л.Н.Толстой, А.П Чехов т.б.); исламдағы белді философ, ғалым-ағартушылар (Ибн Мискауейх, Ибн әл-Муқаффаъ, Әбу әл-Хасан әл-Мәуарди, әл-Мухасиби, Ибн әл-Джаузи, әл-Ғазали т.б.) педагогикалық мұрасының талдауы берілген еңбектері; М.Жумабаев, Ш.Әлжанов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ә.Сембаев, С.Қожахметов, Қ.Бержанов т.б. еңбектерінде көрініс тапқан моральдық тәрбие теориясының негізгі ұғымдары.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-06-10