Ислам философиясы тарихындағы кәләм ілімі
DOI:
10.26577/EJRS.2020.v24.i4.r2Кілт сөздер:
Arabic philosophy, Kalam, mutakkalim, al-Ashari, mutazilismАңдатпа
Бұл мақалада исламның Араб халифатының қалыптасуы мен дамуындағы маңызын көрсету көзделген. Араб мемлекетінің жаулап алушылық соғыстары Ислам туының астында өтті. Исламды қабылдаған барлық адамдар мұсылмандар деп атала бастады (мүслім – Құдайға бағынған). VII ғасырдың басында Батыс Арабияда, Мекке территориясында пайда болған ислам діні осы ғасырдың аяғында Иран мен Орта Азияға да таралды. Осындай кең аумаққа жайылған жаңа мұсылман мемлекетінің алғашқы кезеңінде Құран талаптарын жаңа шындыққа бейімдеу – басты міндет болды. Құранды түсіндіру мен қатар хадис жинау өнері де дамыды. Араб халифатындағы саяси күрес философиялық және діни даулар түрінде жүргізілді. Пікірталастырушылар теологиялық және философиялық тақырыптардағы дауларда фәни мақсаттарды көздеді. Жағдайды тұрақтандыруға империяда қалыптасқан этникалық әртүрлілік пен конфессиялық плюрализм ықпал ете алған жоқ. Ислам философиясына тән белгі – оның полемикалық бағыты, бұл оның даму логикасы. Алдыңғы мектептердің іргелі философиялық мәселелер бойынша шешімдеріне қанағаттанбау жаңа мектептер мен ілімдердің пайда болу қажеттілігін тудырды. Сондықтан да, идеологиялық күрестің нәтижесінде «кәләм» деп аталатын спекулятивті діни философияның бағыты пайда болды.








