«Мәңгілік ел» идеясы аясындағы исламның ынталандыру қызметі
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v25.i1.r4Кілт сөздер:
Мәңгілік ел, мотивация, креативті ойлау, Маслоу теориясы, тайм-менеджментАңдатпа
Ұсынылып отырылған мақалада халқымыздың дәстүрлі танымы мен діни ұстанымдары тоғысатын ұлттық менталитетін, құндылықтық бағдарларын пайымдау хақында ынталандыру шараларын,исламдағы мотивация тұжырымдамасы мен оны «ұлттық бірегейлікті сақтау» үшін ұлттық модельді насихаттауға қабілетті креативті ойлау жүйесі арқылы зерделеуге қадам жасалды. Себебі бұл мәселе қазіргі таңда жеткілікті деңгейде зерттелмеген. «Құран» мен шариғат талаптарын заманауи сұраныстармен байланыстыра отырып, қоғам өкілдерінің қажеттіліктері мен тілектерін ынталандыру, олардың алға жылжуына түрткі болатын ерекше ой мен пайым деңгейін дамыту үшін білім мен зердені орнықтыру кезек күттірмейтін мәселе. Осы нысанаға жету үшін әдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды, ғылыми журналдар мен ғаламтор мәліметтері қолданылды. Тұжырымдамаларымыз дәлелді болу үшін «Құраннан» түпнегізді мәліметтер алынды. Зерттеу барысында Ислам өзінің ізбасарлары арасында ынталандыруды насихаттауда бағалауға тұрарлық бағытта екеніне ерекше назар аударамыз. Жалпы пайымдайтын болсақ, Алла тағала адамдарды «Өзінің сөзін мойындап, оны орындау үшін» жаратты. Ол үшін белгілі бір сыйақы ұсынады. Ал, оның өсиетін орындамау салдарынан қорқыныш тудыратын ойларға қозғау береді. Олай болса бұл тезис адамзаттың жер бетінде және кейінгі өмірінде тыңғылықты зардапсыз күн кешуіне итермелеудегі исламның рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Күтілетін нәтиже – адам мотивациясы мен мінез-құлқын түсінудегі білім мен зердені орнықтырған сәтте айшықтала түседі.
Түйін сөздер: «Мәңгілік ел», мотивация, креативті ойлау, Маслоу теориясы, тайм-менеджмент.
