Ортағасыр дәуіріндегі христиандар мен мұсылмандардың өзара әрекеттесуіндегі діни стереотиптер
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v26.i2.r2Кілт сөздер:
дін, стереотиптер, ислам, христиандық, крест жорығыАңдатпа
Мақалада діни стереотиптерді жеңу контекстіндегі христиандық-исламдық қатынастар мәселесін ашып көрсетеді. Авторлар діни стереотиптер ойлаудың диалогтық мәдениетіне теріс әсер етеді және конфессияаралық қарым-қатынасты «тежейді» деп есептейді. Діни стереотиптер көбінесе діни соғыстарда триггерге айналды. Діни саладан пайда болған стереотиптер тарихи тұрақтылыққа ие, олардың өзгеру динамикасы қоғам мен қоғамдық сананы модернизациялаумен байланысты. Әрине, стереотиптер белгілі бір мәдениеттің әмбебап сипаттамалары болып көрінетін мәдениетаралық қарым-қатынасқа келгенде оң сипат алады. Бұл мақалада авторлар теріс контексті бар діни стереотиптерді ғана қарастырады, олар тарихта орын алған діни дәстүрлер мен оларға деген көзқарасты жалған, релевантты емес түсіну мен субъективті түсіндірумен байланысты.
Мақала авторлары қандай да бір нәрсе туралы білімнің «оңайлатылған» нұсқасын таңдағанда көбіне стереотиптерге жүгінеді деп есептейді. Алайда тереңбілімге мұқтаж адам үшін стереотиптер «таным табынушылықтары» ретінде қабылданады. Мұны Ф.Бэкон қайта бұзып құрауды ұсынған болатын. Әсіресе, діни салада туындаған стереотиптер ерекше жағымсыз мәнге ие болады, мейілінше көп жағдайда идеологиялық күшке айналады, қарапайым санаға айналып, конфессияаралық қатынастақа әсерін тигізеді. Діни стереотиптер ажырату факторына айналмауы тиіс, ал стереотиптендіруді адамзат қарым-қатынасының ең нәзік салаларының бірі – рухани және діни салада қолданылмауы керек.
Түйін сөздер: дін, стереотиптер, ислам, христиандық, крест жорығы
