Ибн Рушд философиясындағы «білім» мен «сенім» мәселесі
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v27.i3.r1Кілт сөздер:
Ибн Рушд, әл-Фараби, Ибн Сина, білім, дінАңдатпа
Мақалада кардовалық ұлы комментатор Ибн Рушдің білім мен сенімді ұштастыру концепциясы баяндалады. Ғалым өзінің «Екілік ақиқат» (білім мен сенім) тұжырымдамасын бірден логикалық дәлелдеуге кіріспеді, керісіше, өзінің оппонеттері тұрғысынан қарап Құран мен хадиске сүйенуді жөн көрді. Ибн Рушдің пайымынша философия (білім) адамды болмысқа қарап ой жүгіртуге, зерделеуге және білімге шақырады. Білімді адамның ақылы кемелденеді, ол болмысқа қарап Құдайды жақсырақ таниды. Сол сияқты дін де адам баласын жан-жағына қарап, ой жүгіртуге, көргенін зерттеп, зерделеуге шақырады. Демек, дін ғылымды терістемейді, мақұл көреді, тіпті қажет болса білім алуды міндет санайды. Кардовалық ойшыл егер дін расында шындықты табуға шақырса, онда дәлелге сүйенетін зерттеу ғылымы теріс шешімге алып келмесі анық. Фиолософияның жасаған тұжырымдары шариғаттың заңына қарама-қайшы келмейді. Себебі, шындық шындыққа қарсы келмейді керісінше, біріншісі екіншісіне айғақ болып жәрдем етеді деген уәжді алға тартады. Сондай-ақ, авторлар мақалада дін мен философияның арасындағы қатынас қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздеген әл-Фараби, Ибн Сина сияқты ортағасыр мұсылман ойшылдарының да тұжырымдарын компаративистикалық негізде беруді көздеген.
Түйін сөздер: Ибн Рушд, әл-Фараби, Ибн Сина, білім, дін
