«Иршәдул-мулук уәс-салатин» діни ескерткішіндегі түркі дүниетанымының көрінісі
Түркі дүниетанымы
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r6Кілт сөздер:
түркі халқы, ортағасырлық түркі дүниетанымы, ислам мәдениеті, мәмлүктер, түркі тіліАңдатпа
Ортағасырлық түркі дүниетанымы мен мәдениетінің көрінісі, олардың сол кезеңдегі рухани мәдениетінің ислам әлеміне тікелей әсері мен оның өміршеңдігі жан-жақты талқыланады. Тарих аренасында мәмлүктер атымен белгілі болған түркі қыпшақтарының ислам әлемінде билікке қол жеткізгендігі, сол кезеңнен бастап түркі тілінің қоғамдағы алатын орны ерекше екендігі, ислам әлемінде бұл түркі тілін үйрету барысында тіл және оның грамматикалық ерекшеліктері ескеріліп оқытылғандығы, бұл тілдің қоғамдық қатынаста маңызды рөл атқарғандығы, бұл тілдің кең ареалға таралғандығы тәптіштеліп, қарастырылады.Түркілердің өздерінің қыпшақ тіліндегі тілдік ерекшеліктерін ғана емес, араб тілінде жазылған діни еңбектердің сол кезеңдегі діни-бағыттық ұстанымдары мен классикалық әдебиеттерді түркі тіліне аудара білгендігі қарастырылады. Сол еңбектердің ішінде қыпшақ тіліндегі негізгі элементтерді көбірек қамтыған 14 ғасырда жазылған «Иршәдул-мулук уәс-салатин» еңбегі түркі тілі мен әдебиеті тарихында, түркі дүниетанымында маңызды еңбектің бірі болғандығы талқыланады.Аталмыш еңбектің Александрия қаласында Сұлтан Сайфи Баджман бұйрығы бойынша қыпшақ тілінде жазылғандығы зерттеліп, мәтіндеріне герменевтикалық және текстологиялық талдаулар жасалады. Сонымен қатар қолжазбаның Мысырдағы қыпшақ жазбаларының ішіндегі ең бірінші жазылған еңбектердің бірі екендігі қарастырылады.
Түйін сөздер: түркі халқы, ортағасырлық түркі дүниетанымы, ислам мәдениеті, мәмлүктер, түркі тілі.
