«Кемел адам» тұжырымы және оның аксиологиялық мәні
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r5Кілт сөздер:
кемел адам, Ибн Араби, тасаууыф, мұсылман ойшылдары, исламАңдатпа
Мақалада соңғы уақыттарда Қазақстан қоғамында қайта жаңғырту көзделген «Кемел адам» тұжырымы төңірегінде туралы сөз болады. Кемел адам тұжырымы Ибн Араби секілді мұсылман ойшылдардан басталған, Тасаууыф ілімінде ерекше орын алған, қазақ даласында Абайға дейінгі аралықта әркез көтеріліп келген тақырып. Кемел адам тұжырымына берген мұсылман ойшылдардың анықтамалары, осы ұғымның әр қырын ашудағы ерекшеліктер, тасаууыфтағы мәні, жалпы аксиологиялық құндылығын ашудың мәні зор. Ол қазіргі қоғамдағы бірқатар келеңсіздіктерге: адами қасиеттерден ажырау, діни төзімсіздік, рухани моралдық құндылықтардың азаюы, дегредация т.с.с. алдын алуға қаншалықты септігін тигізе алады? Осы сұраққа жауаппен қатар адамдық кейпінен ажыраған пенде мен адамгершілік рухани толысқан пенде бейнесі, олардың қоғам үшін мәні туралы қарастырылады. Кемел адам - әлемді, қоғамды дұрыс жолға бастайтындығы, сондай-ақ ел ішінде туралықты жаяды, адамдар арасындағы нашар әдеттерді айыптайды, одан гөрі тәртіпті насихаттайдығы туралы айтыла келе, көптеген ғұламалардың айтылған идеяларына тоқталып, біраз мәселелер талданады. Жақсы білім заттар мен құбылыстардың астарына үңіліп, соған сай жаңа өмір қалыптастыру мәселелері де жан-жақты айтылды.
Түйін сөз: кемел адам, Ибн Араби, тасаууыф, мұсылман ойшылдар, ислам
