Қазіргі ислам философиясындағы «Араб ақылы» концепциясы
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r9Кілт сөздер:
Араб ақылы, қазіргі Ислам философиясы, Араб ақылының қалыптасуы, реформация, концепцияАңдатпа
Бұл мақаламызда «Араб ақылы» концепциясының қалыптасу кезеңіне тоқталамыз. Араб ақылы концепциясының қалыптасуы туралы зерттеушілердің түрлі көзқарастарын сараптауға тырысамыз. Қалыптасуына себеп болған факторларды талдаймыз. Көтерген мәселеміз объективті болу үшін әр түрлі елдердің зерттеушілерінің көзқарастарына жүгінеміз. Мысалы, ресейлік, түрік, америкалық және араб зерттеулеріне шолу жасаймыз. «Араб ақылы» концепциясының алдындағы кезең ретінде «Наһдаға»-да шолу жасалады. «Араб ақылы» концепциясының өзіне тоқталатын болсақ, бұл мәселе жан-жақты зерттелген, алайда әлі де болсын шешімін таба алмай келген мәселелердің қатарына кіретінін аңғару қиын емес. Мақала барысында Араб ақылы концепциясының аясында көтерілген бірнеше мәселеге тоқталамыз. Соның ішінде Араб әлемінің бүгінгі интелектуалды жағдайы басты назарға алынды. «Әл-Жазира» ақпарат орталығының ресми дерегіне сүйенетін болсақ, Араб елдерінде тоқсан жеті миллион көлемінде оқу-жазу білмейтін сауатсыз адам бар. Сонымен қатар Араб мемелекеттері университетінің 1970 жылғы шешімімен және «Сауатсыздықпен күрес» Араб организациясының құрылуына байланысты 8-қаңтар күні Араб сауатсыздығымен күрес күні деп белгіленген. Бұл нақты фактілер инлектуалды дағдарыстың қай деңгейде екенін көрсетеді. Бұл мақаламызды «Араб ақылы» концепциясының кіріспесі деп есептеуге болады. Бұдан кейінгі мақалаларымызды оның ішкі мазмұны мен зерттеу нәтижелеріне арнайтын боламыз.
Түйін сөздер: Араб ақылы, қазіргі Ислам философиясы, Араб ақылының қалыптасуы, реформация, концепция.








