Ілкі қазақ және ежелгі үнділік мифологиялық дүниетанымдағы сабақтастықтар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r1

Кілт сөздер:

Архетип, мифология, ритуал, діни сана, рухани құндылықтар

Аңдатпа

Адамзаттың қоршаған ортаны тануы мен рухани игеруінің бастамасы болып табылатын мифологиялық дүниетаным мен “мифология тілін” салыстырмалы зерттеу қазіргі халықтардың архаикалық ой өрісі мен рәміздік универсумындағы ортақ тұстарды айқындауға мүмкіндік береді. “Мифология тілі” дүниені образды-рәмізділік тұрғыда бейнелей отырып, адам болмысы мен ғарыш тіршілігінің ырғағын синхрондауға ұмтылады. Осылайша, адам мен табиғаттың өзара тұтасуы, ғарыштың рухтануы мен мифологиялық сананың ғарыштануы жүзеге асады. Сонымен қатар ежелгі үнді және ілкі қазақ мифологиясына құрлымдық талдау осы халықтардың әлемді тануы мен рухани игеруіндегі сабақтастықты пайымдауға мүмкіндік береді. Исламға дейінгі ілкі қазақ дүниетанымының архетиптік бастаулары тәңір діні, шамандық культтерде адам мен ғарыштың тұтастығы әмбебапты образды-рәміздік сипатта көрініс табады. Орталық Азия аймағында ислам өркениетінің таралуы мен діни сана мен болмыста исламның басымдылығы орын алған жағдайда көне наным-сенімдер әртүрлі ырым-жоралғылар, этностық ритуалдар мен рәсімдер сипатында сақталып қалады. Дегенмен аталған тұрмыстық феномендерді құрлымдық-лингвистикалық, герменевтикалық талдау олардың негізінде жатқан этноменталды архетиптердің қазіргі халықтардың рухани ұстанымдары мен құндылықты бағдарларындағы орны мен маңызын айқындауға жол ашады. 

Түйін сөздер: Архетип, мифология, ритуал, діни сана, рухани құндылықтар.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-03-19

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies