Монотеистік діндер контекстінде эсхатология түсінігі
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r6Кілт сөздер:
Eschatology, Monotheistic Religions, Judaism, Christianity, IslamАңдатпа
Бүгінгі таңда елімізде дінтану ғылымы өз алдына ғылым саласы ретінде бекітіліп, ғылыми зерттеу аймағына айналды. Осы тұрғыда көптеген зерттеулер жүргізіліп, білікті мамандар дайындалды. Қазіргі таңда да дінтанулық зерттеулер өз дейгейінде жалғасын тауып келеді. Дінтану ғылымы өз ішінде бірқатар салалар мен көптеген тақырыптарды қамтитыны белгілі. Соның ішінде көптеген діндерде көздестіретін эсхатология түсінігіне талдау жасап көрмекпіз. Мақала дінтану саласындағы маңызды тақырыптардың біріне арналған. Сондықтан тақырыпқа қатысты терминді толық түсіндіру қажет. Эсхатология термині лингвистикалық жағынан әрі мағыналық тұрғыдан түсіндірілетін болады. Эсхатология түсінігі монотеистік діндер контекстінде түсіндіріледі. Бұл мақаланы жазу үшін әлемдегі басты монотеистік діндер иудаизм, христиандық және ислам зерттелетін болады. Бұл діндердің барлығында өлімнен кейінгі өмірге деген сенім бар. Бұл сенім жүйесі олардың қасиетті кітаптары мен ғылыми зерттеулеріне негізделе отырып зерттелмек. Дінтану ғылымының өзекті тақырыптарының бірі болған эсхатология түсінігін зерттеу ғылымның теориялық бөлімін толықтыра отырып, әлеуметтік тұрғыдан да маңызды болады. Жұмыстың қорытындысынан зерттелген діндердегі өлімнен кейінгі өмір сенімінің адам баласын жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерге үйрететінін көруге болады.
Түйін сөздер: эсхатология, монотеистік діндер, ислам, иудаизм, христиандық








