Діни философиядағы мейірбан және кемел адам түсінігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r5

Кілт сөздер:

мейірбан адам, кемел адам, болмыс, адамгершілік, сопылық

Аңдатпа

Мейірбан және кемел адамды қалыптастыру қоғамдық дамудың арқауы болып табылады. Мейірбандылық пен кемелдік идеялары адамзат дамуымен бірге тарихи түрде дамыды. Қазіргі жаһандық процестер, құндылықтар құлдыраған заманда діни философиядағы мейірбан және кемел адам түсінігін қарастыру өзектілігін жоғалтпайды. Берілген мақаланың мақсатына діни философиядағы мейірбан және кемел адамның мәні мен маңызды сипаттарын ашып көрсету жатады. Бұл мақала осы ұғымдардан туындаған сұрақтарды зерттеген көптеген ғалымдардың тұжырымдарына негізделген. Мақалада мейірбан және кемел адам идеясын теориялық тұрғыдан түсінудің маңыздылығы қарастырылады. Біз осы тақырыптардың әрқайсысына кезекпен тоқталамыз. Ең алдымен мейірбан адам белгілері және түсінікті анықтаудағы конфуцийшілдіктің рөлін айқындаймыз. Зерттеу мейірбан адамның дербес, өнегелі, бірегей тұлға болуы керектігін көрсетті. Кейін кемел адамның негізгі белгілері анықталады. Кемел адамның үлгілі, идеалдылығымен ерекшеленетіндігі айқындалды. Салыстырмалы талдау ғылыми әдебиеттерге шолу жасау және нәтижелерді алу үшін қолданылды. Контент-талдау, жүйелік және тарихи зерттеу әдістеріне назар аудару үшін сипаттамалық әдіс қолданылды. Мақала авторлары мейірбан адам мен кемел адам түсініктері арасында айырмашылықтар бар деген қорытындыға келді.

Түйін сөздер: мейірбан адам, кемел адам, болмыс, адамгершілік, сопылық.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-12-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies