Үнді субконтинентіндегі сопылық тариқаттардың қалыптасу тарихы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v33.i1.r3

Аңдатпа

Мақалада сопылық ұғымы және Деобанд ғалымдарының «тасаууф» іліміне қатысты ұстанымдары айшықталып, сондағы сопылық тариқаттардың генезисі мен генеалогиясы хронологиялық тұрғыдан зерделенеді және деобандтықтардың сопылық мәселелеріне қатысты ұстанымдары баяндалып, тұжырымдалады. Бүгінгі таңда Үнді субконтинентіндегі Деобанд мектебімен байланысты сопылық дәстүр мен тариқаттарды зерттеу өзекті болып тұр. Сондықтан мақалада Үнді субконтинентіндегі мұсылмандарының діни ұстанымдарының басым бөлігін құрайтын Деобанд мектебі мен Барелви мектебі Шах Уалиуллаһ Дәһләуиден бастау алып қалыптасқана қарамастан кейін Деобанд мектебінің негізін қалаушы Мұхаммед Қасым Нанутәуи, Халил Ахмед Сахаранпури, Рашид Ахмед Гангохи және Әшраф Әли Танавиден мен Барелви мектебінің негізін қалаушы Ахмед Раза Хан Барелвидің арасындағы сопылыққа қатысты туындаған таласты мәселелерге ғылыми талдау жасалады. Зерттеудің мақсаты – Үнді субконтинентіндегі сопылық тариқаттардың діни көзқарастары мен ұстанымдарын зерттеу және Деобанд мектебі мен Барелви мектебі ғалымдарының көзқарастары  мен ұстанымдарын салыстыру арқылы елдегі діни ахуалға талдау жасау. Үндістан мұсылмандарының бөлініуі тек сол аймақпен ғана шектелмей, бірқатар мұсылман елдерінде де бірліктің ыдырауына белгілі деңгейде ықпал етуде. Сол себепті мұндай үрдісті теологиялық, компаративистикалық әдістер негізінде зерттеп-зерделеу біз үшін де маңызды.

Түйін сөздер: Үндістан, сопылық, тариқат, Деобанд, Барелви.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies