Тәңіршілдік сана: еліміздегі әлеуметтік-психологиялық климат

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r3

Кілт сөздер:

Тәңіршілдік, шамандық, архетип, ислам, салт-дәстүр

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі Қазақстан жағдайындағы тәңіршілдік сенімнің психологиялық-әлеуметтік климатына феноменологиялық, психоанализдік, құрылымдық талдаулар дін философиясы тұрғысынан жүргізілді. Қоғамдық санадағы талқыланып отырған дискурстар алаңындағы мәселелер жиынтығы ұсынылды. Тәңіршілдікке қатысты шоғырланған жағымды және жағымсыз көзқарастар жүйесі жинақталып көрсетіле келе, олардың динамикасы ретінде қазіргі әлеуметтік ақпараттық желілерге контент-анализ жасау арқылы зерттелінді. Қазіргі кездегі тәңіршілдік архетиптерінің нақты көрініс тауып отырған белгілерін мемлекеттік рәміздер, өнер туындылары арқылы дәйектей келе, тәңіршілдердің этикасы мен мінез-құлқының негізгі картинасы ұсынылды. Қазіргі Қазақстандағы тәңіршілдердің негізгі бағыттарын жіктеп көрсетіп, оны әрі қарай зерттеудің негізгі бағдарлары ұсынылды. Сондай-ақ, қоғамдық санадағы тәңіршілдікке өтудің тетіктері көрсетілді, тәңіршілдікке берілгендіктің эмоциялық деңгейлері, тәңіршілдік фобиясы, тәңірлік тәжірибелері қоғамдық өмірді тікелей зерттеу барысында тұжырымдалды. Аталған құбылысты танудың онтологиялық және теориялық‐танымдық аспектілерден аксиологиялық, идеологиялық ракурске өту барысын талдаудың методологиялық негіздерін зерделеудің өзектілігі анықталды. Мақала авторлары заманауи әлеуметтік құрылымдар, заманауи әлеуметтік институттар, сондай-ақ аталмыш қатынастар мен құрылымдар аясы негізінде қазіргі қоғамдағы тәңіршілдік сананы зерттеудің парадигмалары мен бағыттарын қалыптастырудың қажеттілігін негіздейді.

Түйін сөздер: Тәңіршілдік, шамандық, архетип, ислам, салт-дәстүр.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-12-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies