Постсекулярлы Қазақстан жағдайындағы деструктивті діни ағымдарға қарсы күресінің тәжірибесі: ерекшеліктері мен әлеуметтік жауапкершілік
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v33.i1.r8Аңдатпа
Мақалада деструктивті діни ағымдар, олардың түсініктері мен ерекшеліктері ашылады. Сондай-ақ мақалада деструктивті діни ағымдардың түрлері айқындалады. Мақала барысында деструктивті діни ағымдардың түрлері ажыратып, олардың анықтамасы іргелі ғылыми еңбектер және зерттеу жұмыстарын басшылыққа алу арқылы көрсетіледі. Деструктивті діни ағымдардың қоғам тыныштығы мен мемлекеттің тұтастығына келтіретін жағымсыз әрекеттері ашылып, адам өміріндегі ауыр салдары сарапталады. Деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізудің қажеттілігі айқындалды. Постсекулярлы жағдайдағы Қазақстан Республикасындағы деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес тәжірибесі көрсетілді. Алдымен Қазақстан Республикасының деструктивті діни ағымдарға қарсы күресінің құқықтық негіздері анықталды. Ел егемендігінің алғашқы жылдарынан бастап қабылданған заңдар анықталды. Сонымен қатар мақала барысында постсекулярлық жағдайдағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар аясында деструктивті діни ағымдар күресіне баға берілді. Халықаралық маңызы бар шаралары анықталды. Мақала барысында деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестің әлеуметтік маңыздылығы ашылды. Постсекулярлық жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестегі құқық қорғау органдары ғана емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтың да атқаруы тиіс міндеттері ашылды. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін ескере отырып, деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестің жаңа түрлеріне баға берілді.
Түйін сөздер: деструктивті діни ағым, постсекулярлық, заң, мемлекет, конвенция, дәстүр, жауапкершілік.
