Кабир мұрасындағы діни-философиялық синкретизм
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r2Кілт сөздер:
Кабир мұрасы, дін, философия, синкретизм, қоғамАңдатпа
Кабир мұрасындағы діни-философиялық синкреттік астарын талдау бүгінгі күні зерттеуші ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Себебі үнді философы, ақын Кабир көзге көрінбейтін абсолютті шындықтан іздеу арқылы өзінің нағыз бхакт екендігін таныта отырып, формасы жоқ тұлғасыз Құдайға, Абсолютті шындықты тануға шақырды. Ол құдайға бхакти жолы арқылы жүректің тазалығымен жету керектігін өзінің поэзиялық мұраларында қалдырып кетті. Сондықтан зерттеуімізде біріншіден, Кабир ілімінің діни-философиялық синкретизмі аясында бхакти қозғалысы мен ондағы бһакт негізін қалаушы ретіндегі Кабирдің шығармашылық мұрасы жан-жақты талдауға түседі. Екіншіден, мақаламызда ортағасырлық үнді ақыны, философ Кабир Дастың шығармашылық мұрасына талдау жасалынады және дін мәселесіне қатысты оның ой-пікірлері жан-жақты талқыланады. Себебі дін қашанда адамзаттың тарихы мен қоғамдық өмірінен үлкен орын алып келді. Қазір заман жағдайында дін мәселесінің өзекті тақырып екені белгілі. Зерттеуде Кабир іліміндегі әлеуметтік жүйе, діни және моральдық мәселелерін талдаған ғалымдарының еңбектері басшылыққа алынады. Сондай-ақ батыс, шығыс ғалымдарының Кабирдің философиялық ойларын Шакара Дева, Шайх Нур-уд Дин сынды реформаторлармен салыстыра қарастырған зерттеулер де талданады.
Түйін сөздер: Кабир мұрасы, дін, философия, синкретизм, қоғам.
