Көркем мінезді қалыптастыратын фактор: нәпсі тәрбиесінің маңыздылығы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2024.v40.i4.a3

Аңдатпа

Адамтану мәселелері негізгі философиялық мәселелер бола отырып, философиялық ойдың даму тарихында ешқашан маңыздылығын жоғалтқан емес. Исламда «кемел адам» тұжырымдамасын талдау қазіргі діни антропологияны дамыту және адамды жан-жақты зерттеу мәселелерін шешуді ұсыну үшін қажет. Мақалада Исламдағы кемелдікке жету сатылары: рух, ақыл, жүрек, көркем мінез, эго сияқты ұғымдар қарастырылып, мәні ашылады. Олардың мұсылман дүниетанымындағы орны айқындалады. Экзистенциалды философия тұрғысынан Ислам дінінде көрініс тапқан адам санасының өзгеру кезеңдері талданады. Жан мен сана ұғымдарының бірлігін қамтитын "нәпсі" ұғымының философиялық мазмұны ашылады. Автор діни міндеттердің толық орындалуына адам табиғатының әлсіздігі кедергі келтіретінін анықтайды. Исламда «кемел адам» дәрежесіне қол жеткізу үшін адам бірқатар рухани сатылардан өтуі тиіс. Мақаланың атауы да осы тұжырыммен байланысты әрі иман мен исламды біріктіретін, үшінші тәрбие бұл - нәпсі тәрбиесін зерттеуге алады. Автор исламдағы нәпсіні тәрбиелеу ілімінің қазіргі кезеңдегі өзектілігін психологиядағы өзін-өзі тәрбиелеу әдісімен байланыста дәлелдейді. Мұсылмандардың иман шарттарын білуі және оларға сенімі күнделікті өмірдегі ұстанымында толық көрініс таппайды. Адамның ішкі сенімі, яғни, иманы мен ислам байланыса алмай жатыр. Себебі, оның нәпсісі тәрбиеленбеген деген тұжырым жасайды. Мақалада ислам формасымен ғана шектелетін қатаң қағидалардан тұрмай, адамның жан дүниесі мен руханиятына да айрықша мән беретіндігін тереңінен аша отырып, дұрыс діни түсінік қалыптастыру мақсаты қойылды. Автор осы бағыттағы жазылған қазақ ойшылдары мен шетелдік ғалымдардың құнды еңбектерін талдау арқылы қорытындылар жасады.

Түйін сөздер: мінез, құран, нәпсі, мақтаншақтық, тәкаппарлық.

Автор өмірбаяндары

  • Б. Сәрсенғали, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Сәрсенгали Ботагөз Жасұланқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: sarsengalibota@gmail.com).

  • A. Құлжанова, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Құлжанова Ару Райханқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті философия кафедрасының оқытушысы (Алматы, Қазақстан, email: Aru_kul.78@mail.ru)

  • С. Каупенбаева, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, email: samal_75@inbox.ru)

  • Н. Әлтаева, Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan

    Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, email: nursulu.84@mail.ru)

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies