Қазіргі әлемдегі дінаралық диалогты қолдау механизмдері мен діни ұйымдардың халықаралық құқықтық реттелуі
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS20254337Аннотация
Бұл мақалада қазіргі әлемдегі дінаралық диалогты қолдау механизмдері мен діни ұйымдардың халықаралық құқықтық реттелуі қарастырылады. Мақала дінаралық диалогтың әртүрлі нысандарын, оның теологиялық және әлеуметтік аспектілерін талдай отырып, халықаралық құқықтың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Еуропа Кеңесі қабылдаған декларациялар мен конвенциялардың рөлін зерттейді. Авторлар мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктерін, олардың бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі маңызын қарастырады. Сонымен қоса мемлекеттер ішіндегі құқықтық реттелуіне, батыстық мемлекеттерді мысалы ала отырып салыстырмалы баға беріледі және Қазақстандағы дінаралық диалог тәжірибесіне де назар аударылады. Бұл зерттеу ар-ождан бостандығы мен қоғамдық тәртіп арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі құқықтық құралдарды бағалауға бағытталған. Сонымен қоса Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан бекіткен декларациялардағы дінге қатысты заңдар қарастырылады. Діни ұйымдардың халықаралық құқықтық реттелуіне тоқталып өтіледі. Халықаралық құқықтың дінаралық диалогқа әсері талқыланады. Мемлекеттердегі діни ұйымдардың құқықтық реттелуінің маңыздылығы көрсетіліп, діни төзімділіктің және толеранттылықтың ортаға шығуында елеулі үлесі бар екендігі анықталады. Халықаралық декларацияларда берілген дінге қатысты баптар мақалада тізбектеліп көрсетіліп талқыланды. Дінаралық диалогты нығайту мақсатында діни топтар арасында ұйымдастырылған түрлі дінаралық және мәдениетаралық бастамалар мен іс-шаралар да мақалада көрсетіліп баяндалады.
Түйін сөздер: мемлекет, дінаралық диалог, конвенция, декларация, құқық
